Дуэйн Джонсон инстграмдағы жетістігін атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дуэйн Джонсон желідегі жетістігін атап өтті! Актер 200 миллион оқырманына арнайы видео әзірлеп, алғысын білдірді. Голливуд жұлдызы жеке парақшасына өмірінің қызықты сәттері мен шығармашылығының жаңалықтарын ұмытпастан жариялап отырады. Еске салсақ, Скала АҚШ бойынша инстаграмдағы ең оқырманы көп азамат. Ал әлемдік рекорд 239 млн фолловермен Криштиану Роналдуға тиесілі.

Күні кеше туған күнін атап өткен Cardi B музыка саласының белестерін бағындыруда! Атышулы рэп орындаушы «Spotify» чартында 63 күн бойы бірінші болып, рекорд орнатты. Бұған дейін бұл платформада Рианна 5 жыл бойы үздік атанған еді. Cardi B -ге жетістік әкелген Megan Thee Stallion -мен соңғы жарық көрген «WAP» трегі.

Ал Моника Беллуччи болса, қызы Деваның жетістігін көпшілікке айтып мақтанды! Әйгілі сәнбикенің кестетігері анасы сынды «Elle» журналының мұқабасына шыққан. Ең қызығы Дева бұл фотосессисиясын, Моникадан кейін тура 30 жылдан кейін қайталған екен. 16 жаста модель атанған бойжеткен «Dolce & Gabbana» үлгілерін жарнамалады. Дева 1 жылдан бері бұл брендтің бет-бейнесі атанып келеді.