Атышулы Хадидтер Ким Кардашьянға ашық айқас жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кардашьянмен бұдан-былай араласпаймыз! Бұл әпкелі-сіңлілі Белла мен Джиджидің ерек мәлемдемесі. Кимнің Әзербайжанға қарсы шығып, Армения елін қолдағаны қос сәнбикенің ашуына тисе керек. Канье Уэсттың жары тіпті армениялықтарға 1 млн доллар қаржылай көмек көрсеткен көрінеді. Хадидтер отбасының айтуынша, Кимнің қос мемлекеттің саяси мәселесіне кірісуі дұрыс емес.

«Blackpink» гелзбенды түрлі музыкалық платформаларда топ жаруда! Әйгілі k-pop ұжым осылайша бүгінде ең сұраныстағы әншілер көшін бастап отыр. «Blackpink»-тың дебюттық «The Album» жинағы 110 мың данамен сатылып, рекорд орнатты. Еске салсақ, өнерпаздар бұл үнтаспамен «Billboard» чартының екінші орнына жайғасқан еді. Осылайша, корейлік ұжым батысты бағындырған санаулы азиялық әртістердің бірі атанып отыр.

Дрейк ұлының туған күнін дүркірете атап өтті. Рэпердің некеден тыс өмірге келген атұстары Адонис 3 жасқа толып отыр. Музыкант ханзадасының төл мерекесіне ерекше дайындалған. Хип-хоп орындаушы мерекелік кешті безендіріп, инстаграмда жүрекжарды жазба қалдырды.