Батырхан Шүкенов туралы кітап жарық көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Батырхан Шүкенов мәңгі жадымызда! Өнер әлеміне өшпес мұра қалдырған композитордың өмірден озғанына биыл 5 жыл. Соған орай, музыкант туралы естелік кітап жарық көрмек. Батырдың туған ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша тың туындыда ел естімеген мағлұматтар көп болады.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

– Осы жылы пошта маркасы, сондай-ақ Батыр жайында кітап жарыққа шықпақ. Онда естілік суреттері мен барлық берген сұхбаттары жинақталған. Біз оған қоса, Батыр жайлы қызықты ақпараттары да қостық.

Шүкенов атындағы қор өкілдері қазақ музыкасының Батырына арнап кітап шығарып, шектеліп қалмақ емес. Өнер иесінің құрметіне бүгінде музыкалық сайыстар мен арнайы степендиларя қарастырылған. Бауыржан Шүкенов осы уақыт аралығында талай жұмыстың атқарылғанын айтады.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

– Алматыда Батырдың атымен көше пайда болды. Қызылорда қаласында саябақ ашылды, оған қоса ескерткіш те тұрғызылған болатын. Сондай-ақ музыкалық байқаулар ұйымдастырылп келеді.

Ал Шүкеновтың жалғызы – Мақсұт та әкесінің есімін ел есінен ұмыттырмақ емес. Композитордың ұлы Батырдың көзі тірісінде орындай алмаған жоспарларын іске асыруға ниетті. Еске салсақ, бүгінде ол АҚШ-та білім алуда.

Бауыржан Шүкенов, «Батырхан Шүкенов» атындағы қордың өкілі:

– Мақсұт колледж студенті. Қазіргі таңда Калифорнияда. Мамандығы да өте қызық. Дыбыс режиссері болу арманы. Оның үстіне бұл әкесінің де таңдауы. Батыр үлкен мектеп ашықысы келген. Енді барлығын Мақсұт жалғастырамын деп отыр.

Мақсұт сондай-ақ өзін музыка саласында да сынап көрмек. Батырдың ізбасары АҚШ-та жастар арасында өтетін рэп-батлдарда көзге түскен.