Жаңа iPhone алуға асыққан қай жұлдыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар арасында смартфонын жыл сайын жаңартатындар жетерлік. Мәселен, «Кешьюлік» арулар: «Барынша соңғы үлгідегі гаджеттерді алуға тырысамыз», - дейді. Тіпті, бикештер бағалы телефон үшін қалтасын біраз жұқартуға да дайын.

«Кешью» тобы:

- Тренд қуалағанда енді әрине, сапалы нәрсе дейді ғой, ұстағымыз келеді. Сондықтан, соңғы шыққан үлгілерді қарап жүреміз.

Блогер Ержан Рашев те Iphone-нің жаңа үлгісін алуға асық. Өмірінің бір бөлшегіне айналған смартфонның әлеуметтік желі белсендісі үшін маңызы аса зор көрінеді. Сондықтан болар Рашев өзін гаджетқұмарлар қатарына қосады.

Ержан Рашев, блогер:

- Жыл сайын жаңа флагман шығады, жыл сайын осы жағдай. Жұлдыздар ең жаңасын алуға асық. Өзім де солардың қатарынан екенімді жасырмаймын.

Есесіне, өнері де, өмірі де телефонмен тығыз байланысты болса да, Мейіржан Түребаев қажеттілік тумаса, смартфонын жаңартуды ойламайды. Актер әрі вайнер тіпті «Apple» компаниясының жаңа өнімі туралы естімепті де.

Мейіржан Түребаев, актер:

-Негізі менде, мен әлі айфон 3 бар ғой, сонымен қолданып жүрмін. 12 шықты ма уже? 12 шықты ма не?

Әзірге су жаңа смартфонды жұлдыздар арасынан уысына ешкім түсіріп үлгермеді. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты тұсаукесері кейінге шегерілген Apple-дың төрткамералы тың өнімі елімізде сатылымға шықпаған. Сондықтан да әзірге шоу-бизнес өкілдеріне жаңа гаджетпен селфи жасап, мақтанатын сәтті біраз күте тұруға тура келеді.