«Apple» компаниясы жаңа өнімдерінің тұсаукесерін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі әлемді көп күттірген Apple-дың бұл презентациясы да тосынсыйларға толы болды. Алайда кештің басты жаңалығы су жаңа смартфондар емес, 5G мобильді байланысы. Енді су жаңа гаджеттер «fifth generation» негізінде жұмыс істейді.

Тим Кук, Apple компаниясының бас директоры:

- Бүгін Айфонның жаңа дәуірі басталған күн. Енді Афон 5 джимен жұмыс істейді. Бұл біз үшін айтулы сәт. 5 джи дегеніміз сапалы видео, жылдамырақ жүктеу және сол сияқты көптеген мүмкіндіктер.

Ал көп күттірген Iphone 12 екі түрде назарға ұсынылды. Бұл жолы әйгілі компания 12-нің миниін де шығаруды жөн көрген. Смартфондардың жаңа дизаины Iphone 4-ті еске салады. Құрастырушылардың айтуынша, оның А14 Bionic процессоры – нарықтағы ең жылдамы. Құрылғылар секундына 11 триллион операция орындау мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max-тың тұсауы кесілді. Гаджеттер графит, күміс, алтын және тынықмұхиттық көк түсте ұсынылмақ. Олардың OLED-экрандарының диагоналі 6,1 және 6,7 дюймды құрайды.

Презентацияда жаңа девайстар да таныстырылды. HomePod mini бұдан-былай әр адамның өмірінің маңызды бөлшегіне айналуы мүмкін. Ақылды колонкалардағы Сиридің көмегімен музыка қосып, хабарлама жіберіп, тіпті үйдегі құрылғыларды басқара аласыз.

Айтпақшы, тағы бір жаңалық MagSafe магнитті зарядтау деваисы! Ол арқылы енді бүкіл Apple-дың құрылғыларын қуаттай аласыз.