Say Mo болашақ енесіне жүрекжарды жазба қалдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мама, ғажайып ұлың үшін рақмет! Сізді жақсы көремін». Бұл Say Mo-ның инстаға салған соңғы посты. Онда әнші Шәріп Серіктің анасымен түскен суреттерін топтастырып салған. Фотоны көрген желі оқырмандары ене мен келіннің арасындағы сыйластыққа шындап таңғалуда. Жазба соңына актердің анасы да «Қызым менің» деп пікір қалдырған. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Шәріп Мөлдірге үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» картинасы, 14-ші қазаннан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастады! Атап айтқанда, Париждегі 9 және ірі қалалардың 60 залы отандық картинаны экрандарына шығармақ. Естеріңізге сала кетейік, Ержанов таспалаған бұл туынды ауылда орын алып жатқан бассыздықты бүкпесіз көрсетеді.

Жәния Джуринкая болса, керісінше батыл жазбасымен жұрттың сынына қалды. «Тойға дейін жүріп жүрген жігітіңмен, бір шаңырақ астында тұрып көру керек. Өйткені өміріңді кіммен байланыстыратыныңды алдын ала білген жөн», - деген актрисаның сөзін дұрыс қабылдағандар да, қабылдамағандар да жетерлік.