Михаил Ефремовтың қызы шудың ортасында қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді – Аэм Тиллмаримын! Михаил Ефремовтың қызы Анна-Мария тағы да шудың ортасында. Бұл жолы жағдай күрделі секілді. Себебі Аннаның твиттердегі парақшасы бұғатталып, хейтерлер шабуылына ұшыраған. Бәріне сылқымның: «Мен енді бойжеткен емеспін. Мені Аэм деңдер», - деген жазбасы себеп. Михаилдың жанкүйерлері: «қызы жынысын ауыстырмақ па? Масқара?! Жетісіпті» деп, Аннаны жерден алып, жерге салуға.

АҚШ-тық әнші Sia тұңғыш рет Батыстық БАҚ-қа ашыла сұқбат беріп, осы уақытқа дейін жасырып келген құпияларымен бөлісті. Әсіресе поп-орындаушы асырап алған балаларының шындығын айтты. «Оңай емес әрине. Бірақ мен Десани мен Че үшін бәріне дайынмын. Жалғызбасты ана болсам да, жеңілгім, күйзеліске түскім келмейді», - деп көзіне жас алды ол.

Леонардо ДиКаприо, Джон Хилл, Мэрил Стрип пен Химеш Патель бір туындыда бой көрсетпек! Үздік төрттік түсетін лентаға Адам МакКей режиссерлік етеді. «Don't look up» атты фильм әдеттегідей ерекше сюжетке құрылған. Оқиға желісі бойынша ДиКаприо бастаған бір топ ғалым, жерге метеорит жақындағанын анықтайды да, оның алдын алуға кіріседі. Одан бөлек картинаға түсетін танымалдар қатарында: Тимоти Шаламе, Ариана Гранде, Мэттью Перри бар.