Кино саласының қазіргі жұлдыдары кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай жыл театр сахнасында қызмет етіп жүрген Жанель Мақажан енді өзін үлкен экрандардан байқап көруде. Актрисаға тіпті басты рөлдерге шақыртулар жиі түседі екен. Соңғы кезде киногерлер тарапынан Жанельге деген сұраныс артқан.

Жанель Мақажан, актриса:

- Шыны керек, не себепті мені қазір осы көптеген проектерге шақырып жатыр. Қарап отырсам басты рөл екен, сол себепті маған бір жүк артқанына, маған сенім білдіргеніне мен өте қуанышытымын.

Жанель дәл осы жылдың өзінде бірнеше жобада бой көрсетеді. Өнер иесінің қатысуымен таспаланған толықметрлі картиналардың барлығы жыл соңында жарық көрмек.

Жанель Мақажан, актриса:

- Былтыр осы карантинға дейін «Жизнь после» деген фильм бар, «Лаборатория счастья». Бұрынғы аты «Роботпек» деп аталатын қазір өзгертті. Одан кейін «Папа по неволе» деген фильмдер бар. Енді міне осы «Без крыши».

Жанель Мақажан сынды киноиндустрияда әп сәтте бағы жанған әртістің тағы бірі – Рүстем Жаныаманов. Театр актері таяуда тұсауы кесілетін Асқар Бисембиннің «Суперагент келинка» және Айқын Төлепбергеннің «Где мое кольцо?» фильмдерінде басты рөлде.

Еске салсақ, Рүстем бұған дейін «Жаным ты не поверишь», «Класстастар», «Станция судьбы» ленталарында қосалқы образдарды сомдап келген еді. Алайда актер: «Әдетте жобаға бірден келісе бермеймін», - деп отыр.

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Ұсыныстар иә, шүкір көп түсіп жатыр. Сериал болсын, кино болсын енді бәріне бірдей түсу мүмкін емес. Сондықтан да таңдаймыз. Қайсысы қолайлы болады, қайсысы уақыт жағымен ыңғайлы болады.

Театр актерлары ғана емес, ғаламтор жұлдыздары да бүгінде сұраныста! Мәселен блогер, әрі вайнер Terri Tima да бірнеше фильмде негізгі кейіпкер атанды. Темірхан Асылбекті жыл соңында көрермен назарына ұсынылатын «3 дня до Нового Года», «С новым годом девчонки» және «Суперагент келинка» картиналарынан көре аламыз.

Terri Tima, блогер:

– Менің қатысуыммен бірден 3 толықметрлі фильм шығайын деп жатыр. Қараша, желтоқсан айында мені үлкен экрандардан көре аласыздар.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жас актер Асқар Ілиясов пен вайнер Seka Vines та фильмдерге жиі шақырту алатындар қатарында.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться