Санжар Мәди халықаралық киножобаға түсіп жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америка – вьетнам – қытай – түрік – қазақ мафиясы! Санжар Мәдидің аталмыш жазбамен посты актердің шет ел туындысына қатысып жатқанын оп-оңай аңғартады. Түсірілім тобында, танымал актриса – Бай Лин, аралас өнер жекпе-жегінің чемпионы, каскадер – Кунг Ле, тіпті Атыраулық кәсіпкер, Ибрагим Ақдрашев бар. Әзірге Санжардың нақты нендей лентада бой көрсететіні белгісіз. Мәдиев бәрін құпияда ұстап отыр.

Жәния Джуринская енді ресми түрде келін атанды! Күні кеше актрисаның туған қаласы Байқоңырда, қазақтың салт-дәстүрлері сақталған құдалық өтті. Жәнияның ата-анасына киіт кигізіліп, алтын тағылды. Атасы мен әжесі де екі жасқа баталарын беріп, үлкен өмірге ақ жол тіледі!

Бұл ән бұрынғы әннен да танымал болмақ! Азия тобы: «Опмай-опмай хитын шаң қаптыратын трек дайындап жатырмыз», - деп жұртты қызықтырып қойды. Әзірге ән атауы, бағыты құпия. Бірақ жігіттердің инстаграмдағы стористарына көз жүгірсек, клипке қызу дайындық басталып кеткенін байқауға болады.