Айқын Төлепберген отбасын алып, шет елге саяхатқа аттанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзімізден аямаймын! Айқын Төлепберген отбасын алып, шет елге саяхатқа аттанды. Бұл жолы әншінің таңдауы фараондар елі - Мысарға түскен. Бастапқыда қай мемлекетке сапарлататынын жасырған Айқынды, ел Стамбұлға жолға шықты деп жорамалдаған-ды. Желіде Төлепберген-тегіне «жақсы қыдырып келіңдер» деп ақ тілегін жаудырып жатқандар жетерлік.

Жаңа фит, жаңа хит! Меломандар асыға күткен Ирина Кайратовна мен 91 тобының әні жақын арада тыңдарманға жол тартады. Күні кеше инстаграмдағы ресми парақшаларына әннен 11 секундтық үзінді жүктеген жігіттер, көп оқырманды ынтықтырып қойды. Әзірге тағатсыздана тостырған тректің дәл қашан жарық көретіні белгісіз.

Ғалымжан Молданазар лейбл құрды! Бұл жайында ол, инста парақшасында хабарлады! «Moldanazar music» деп аталатын құрамның алғашқы артистерінің бірі – автор, композитор, әнші – Орынхан. Оны Ғалымжанның өзі болашағынан зор үміт күттіретін орындаушылардың қатарына жатқызады екен. Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана Орынханның фолк жанрындағы, дебюттік «Dárýmen» альбомы жарық көрген еді.