Жалаңаштанған Эшли Грэм сынның астында қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эшли Грэм көпшілікті кез-келген кейіпте өзін сүйе білеуге шақырады! Plus-size-модель тіпті артық салмақпен күресіп жүрген жандарға мотивация беруге ұйғарған. Ол үшін сәнбике жалаңаш фотоларын желіге жүктеп, жанкештілікке барған-ды. «Бұл менің фотошопсыз әрі фильтрсіз шынайы суреттерім», - деген Эшлидің мұндай қылығын бірі қолдаса, бірі даттап жатыр.

«Көктен түскен періште!» Зейн Малик пен Джиджи Хадидтің қызын дәл осылай еркелеткен Йоланда Хадид көптің сүйіспеншілігіне бөленді. Танымал сәнбикенің анасы немересінің фотоларымен инстаграмда бөлісіп, бөбектің әрбір қылығына тамсанып жүргенін жеткізді. Талай жыл бұрын көңіл жарастырган Зейн мен Джиджидің сәбилеріне бүгін 1 ай толып отыр.

Зендая өз көрермендерімен қайта қауышпақ! Жастар арасында кеңінен танылған «Эйфория» телехикаясы эксклюзиті түрде арнайы бөлімдерін ұсынбақ. Жоба авторлары 2 маусымнан тұратын туындыға бірнеше эпизод қосқанын мәлімдеді. 2019-шы жылдың рейтингі жоғары сериалдарының бірі атанған «Эйфория»-ның жалғасын жанкүйерлер енді 6-ші желтоқсаннан бастап тамашалай алмақ.