Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы жүлделі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аспан асты елінде осымен 7-ші рет өткен халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалінде 116 елден 3 мыңнан астан фильм бақ сынаған. Отандасымыз Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы байқауда «Мазмұнның бірегейлігі үшін» арнайы жүлдесін еншіледі. Еске салсақ, аталмыш туындының бұл алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін «Сары мысық» 77-ші халықаралық Венеция кинофестивалінде көрермен назарына ұсынылып, көптің қошеметіне бөленген еді.

Mdee мен Назима күні кеше Вконтакте желісінде онлайн концерт берді. Қос өнерпаз да шығармашылығындағы барлық туындыларды орындап, тыңдарман қауымды қуантты. Сондай-ақ, Мәди Тоқтаров тікелей трансляцияда су жаңа трегінің тұсауын кесті. Ал тікелей эфирдегі кеште көрермен қатарынан табылған Нагимуша болса, әсем әндерден ерекше ләззат алғанын жасырмады. Тіпті бірнеше сториз түсіріп, өнерпаздардың шығармашылығына тәнті болғанын айтты.

Әнші Индира Еділбаева мен экс-ЮФРЕЙМ-дік Артур Асқарұлының құпиялары ашылғандай. Жастардың махаббатқа толы видеолары көптің назарына ұсынылуда. Тіпті Инди мен Арчи бірге фотосессия жасаған. Соған қарағанда, ғашықтар лав сториі дайын болғанда, жұп екенін мойындайтын секілді.