Шон Мендес жайлы деректі лента жарық көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шон Мендес жайлы деректі лента «In Wonder» деп аталады! Музыкант бастан кешкен шынайы оқиғаларын осыйлайша жанкүйерлеріне баяндап бермек. Тіпті өнерпаз биографиялық лентада өзінің сүйіктісі Камила Кабейо екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашық айтады. «Netflix» ұсынған аталмыш картина 23-ші қарашада көрерменге жол тартпақ.

Дэвид Бекхэм жалғыз қызына деген махаббатын көрсетемін деп көпшіліктің сынына қалды! Оған спортшының ханшайымы Харпердің ернінен сүйіп тұрған фотосуретін желіге жүктеуі себеп болған. Қызына гүл шоғын сыйлап, еркелеткен футболшының бұл қылығына оқырмандар: «ерсі көрінеді», «қызың бой жетіп келеді мұнің дұрыс емес» деген сынды керағар пікір жазуда.

«Комедияға түспеймін!» Мэттью Макконахи «ромком» жанрындағы фильмдерде бой көрсетуден бас тартқанын мәлімдеді. Әйгілі актер тіпті 15 млн долларлық қаламақыға қарамастан келісімімен бермеген екен. Еске салсақ, ең қызығы 2010 жылдан бері танылған өнер иесі, киномансабын дәл осы комедиядан бастаған еді. Мэттьюдің айтуынша, ол бұдан-былай тек жағымсыз кейіпкерлерді сомдағысы келеді екен.