Роберт Паттинсон шаңырақ көтермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Роберт Паттинсон мен Сьюки Уотерхаус былтыр, желтоқсан айынан бастап жұп атанған еді. Алайда, «Сумерки» фильмінің жұлдызы мен танымал сәнбике қарым-қатынастарын жұрт көзінен жасыруды жөн көрген. Тіпті қос ғашық карантин кезінде ешкімге айтпай, заңды түрде некелерін қиып алған көрінеді. Енді Роберт пен Сьюки үйлену тойын ет жақындарының арасында атап өтпек.

Ал Бруклин Бекхэм сүйіктісі Никола Пельтцпен үйлену тойын кейінге шегерді! 21 жастағы актер әрі модель пандемия кесірен қуанышын атап өтпейтінін айтты. Қос ғашық әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты отау құруға асықпаймыз дейді. Голливудтың танымал жұбы 2022 жылы ғана шаңырақ көтеруге ниетті!

Көрермен көзайымына айналған «Корона» телехикаясының жалғасы жарық көрмек! Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-ге арналған туындының төртінші маусымынының трейлері ұсынылды. «Netflix» таспалаған сериалда Джиллиан Андерсон, Хелена Бонэм Картер және Оливия Колман басты рөлді сомдайды. Жаңа бөлімдерде 1979-1990-шы жылдар аралығында болған оқиғалар баяндалмақ. Еске салсақ, 2016 жылы тұсауы кесілген «Корона» жобасы рейтинг жағынан рекорд орнатып, «Эмми», «Алтын Глобус» марапатын еншілеген еді.