Беркут атышулы Борат туралы фильм таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айбек мырза өзінің «Супәр агенты» картинасының жалғасы ретінде «Супәр агенты 2. Боратты ұстау операциясы» фильмінің түсірілімін бастап кетті. Фильмде алғашқы бөлімде бой көрсеткен актерлер Мейірхан Шерниязов, Серғазы Тоқтарбек түседі. Осылайша, Айбек мырза Саша Барон Коэнге кино арқылы жауап беруді ұйғарған. Әзірге лентаның дәл қашан жарық көретіні белгісіз.

Ал осы жылы Нұр-сұлтаннан Алматыға көшіп келген Альмира Тұрсын, «алма шаһарында» баспаналы болды. Туған қаласына отбасымен қоныс аударған актриса, су жаңа пәтері жайлы жағымды жаңалығын инстаграмда мәлім етті. Бірнеше күннен бері қуанышын тойлап жатқан бикеш тіпті көрімдік деп сыйлаған достарының тартуын да көрсетті.

Таяуда ғана шығармашылығына байланысты Алматы қаласына қоныс аударған экс-Виагралық Эрика Герцег отандық лейблмен қызу жұмысын бастап кетті. Өнер иесі тіпті су жаңа клип те таспалап қойған көрінеді. «Имитация» деп аталатын туынды қазан айының 31-і ұсынылмақ.