Бритни Спирстың әкесіне өкпесі қара қазандай!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бритни Спирстың әкесіне өкпесі қара қазандай! Америкалық әнші тіпті ет жақыны үшін өзінің сүйіктісі Сэм Асгариге тұрмысқа шыға алмай жүрген көрінеді. Сот шешімі бойынша талай жылдан бері әкесінің қарауында жүрген поп-орындаушы: «Оның рұқсатынсыз өз бетімше шешім қабылдай алмаймын», - деп отыр. Бритни бұл жағдай болмағанда үшінші мәрте ана атанатын айтуда.

Арнольд Шварценеггерге ауыр ота жасалды! Дәрігерлер 73 жастағы киногердің жүрегінің қақпақшаларын ауыстырған. Күні кеше операциядан оянған актер есін жия сала, Твиттер парақшасында жағдайының жақсы екенін айтып, арнайы пост қалдырған. «Терминатор» тіпті: «Мен қайта оралдым», - деп қалжыңдады.

Леонардо ДиКаприо жеке өмірі жайлы тараған қауесеттерге нүкте қойды! Голливуд жұлдызын соңғы кездері әке атанады деп топшалағандардың қарасы мол болған еді. Оған актердің сүйіктісі Камила Морроненің мінсіз мүсініндегі өзгерістер себеп болған. Алайда, 3 жылдан бері көңіл жарастырып келген жұлдызды жұп әзірге бала сүюге дайын емес екенін айтты.