Эмили Ратаковски жүкті екенін жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Эмили Ратаковски өзінің жеке өмірін халық назарында ұстайтын жұлдыздар қатарында. Бірақ, әрбір қадамын желіге жүктеп отыратын сылқым бұл жолы жүктілігін біраздан бері жасырған болып шықты. Тіпті сәнбике өзінің күйеуі Себастьян Бир-Макклардпен болашақ нәрестенің қыз немесе ұл екенін де айтпауды жөн көріпті. Енді көпшілік аяғы ауыр Эмилиге қанша ай болды деп топшалауда.

Пэрис Хилтон қалыңдық атанды! Поп жұлдыз өзінің сүйіктісі Картер Реуммен неке қидырғанын мәлімдеді. 1,5 жыл бұрын бизнесменмен көңіл қосқан әнші: «Шаңырақ көтеретін уақыт келді», - деп инстаграмда пост қалдырған. Еске салсақ, 39 жасқа келген Пэрис бұған дейінгі сұхбаттарында: «Картердің адал жар, әрі керемет әке бола алатынына сенімдімін», - деп айтқан еді.

Джаред Лето тағы да Джокер атанбақ! Әлемге әйгілі музыкант әрі актер, режиссер Зак Снайдердің «Әділеттілік лигасы» фильмінде дәл осы образды сомдайтын болады. «HBO» таспалап жатқан тың туындыда Джаредпен бірге супермен Генри Кавилл, Галь Гадот және Бен Аффлек сынды талантты актерлер бой көрсетеді. 2021 жылы жарық көретін лентаға 70 млн доллар қаражат жұмсалған.