Киноға түсу үшін диплом керек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Диплом дәнеңе емес! Қазақ киносын бүгінде вайнерлер, блогерлер мен ютуберлер жаулап алғаны рас па? «Касса көтеру үшін режиссерлар да, кәсіби маманды емес, инернет кеңістігінде танылып үлгергендерді лентасына жинайды» дейді ашыған актерлар.

Бұл пікірмен кино және театр актері – Асан Мәжит те келіседі. Туындыға түсер алдын, сценарий мен образға жіті мән беретін Асан, «Қабілетті емес, қаражатты басты орынға шығарып алдық», - дейді.

Асан Мәжит, актер:

-Оқымаған актерлар бізде өте көп қой. Оны жасыратын ештеңесі жоқ. Егер таңдау болатын болса, мысалы кәсіби маман мен оқымаған актердің арасында, онда шын өнерді бағалайтын адам әрине кәсіби маманды таңдайды. Ал ақшаға байланысты келетін болсақ, бізде көбіне солай болады ғой. Кәсіби маманның гонорарын төлей алмағандықтан, біз не істейміз, оқымаған актерларды аламыз.

Ал талай жыл телехикаяларға дубляж жасап жүрген Қайрат Әділгерейдің, тек соңғы 2-3 жылдықта ғана толықметрлі туындыларда бағы жанғаны сөзсіз.

Қайрат: «Ешкім ешкімнің орынын тартып алмады. Көрермен өзіне керегін іздеп, көріп алады», - дейді.

Қайрат Әділгерей, актер:

Ешкім шеткері қалған жоқ. Бәрі ілгерілеп, дамып келе жатыр. Бұрын танылу үшін телевизорға шығу керек, бір ән айту керек еді. Қазір өзінің медиапространствасы бар. Менің мысалы инстаграм парақшам болсын, фейсбук парақшам болсын. Халықтың өзінің таңдауы, кімді қалайды, көргісі келеді, көреді. Ой, мыналар қаптап кетті ғой деп, дипломы бар актерлар жұмысын тоқтатпайды ғой.

Ал кезіндегі КВН-ші Еркебұлан Мырзабек: «Тышқан сойса да, қасапшы сойсын», - деген ұстанымда екен. Ол «қай салада болмасын, кәсібилер көш бастағаны дұрыс» дейді. Осы жылы ғана алғаш рет толықметрде басты рөлді сомдап жатқан Еркебұлан, ұсыныс түскен соң бас тарта алмағанын айтады.

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші:

- Қолынан келсе, неге түспеске? Оның жалпы дипломы жоқтығына ол кінәлі емес қой. Ол жалпы ұсыныс түсті, киноға түсіп көрді. Қолынан келді. Демек бұл жақта дипломның қажеті жоқ шығар. Ал жалпы өзім актер болғаннан кейін, оны оқыған, жалпы актерлікке оқығанды, оның дипломы болғанын өзім жалпы соны қолдаймын.