Жахан Отарғалиев Балжан Бидашқа ұсыныс жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салсақ, Бидашка жыл басында сүйіктісінің тұрмысқа шығуға ұсынысына «иә» деп келісім берген еді. Содан бері үйлену тойдың уақыты түрлі сылтаумен шегеріліп келген еді. Енді Балжан екі айдан бері Стамбұлда жалғыз жүр! Парақшасынан ғашығының суреттерін өшіріп тастаған бикеш көптің күдігін тудырды. Әсіресе, оның Жахан Отарғалиевпен түрлі вайндар түсіріп, әнші аруға актердың әзіл-шыны аралас тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны көпті таңқалдырды.
Мәдина Сәдуақасова болса, махаббаттың жалынын аңсайды! Әншінің инстагарам парақшасындағы соңғы посты көпті ойландырмай қоймады. Ол оқырмандарынан «Махаббатқа сенуге болады ма?» деген сауал қойып, іңкәр сезім тек кітап мен кинода ғана болатынын айтқан. Мұны оқыған жұлдыздың фолловерлері: «Сәдуақасова ажырасып кетті ме?», -деп топшылауда.

«Ньютон» тобының экс-солисі Аким жаңа альбомын ұсынды. 7 тректен тұратын ән-жинақ «Все о чем молчим» деп аталады. Ондағы әндердің барлығы орыс тілінде жазылған. Еске салсақ, Аким кью-поп ұжымының алғашқы құрамында өнер көрсеткен еді. Өткен жылы ол топпен қош айтысып, жеке шығармашылығына кіріскен болатын.