Жұлдыздар жаппай пластикалық ота жасатып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин уақытында қолы босап, келбетіне көңіл бөле бастағандарың бірі -Маржан Арапбаева. Әнші: «Декреттік демалыстан бері өз-өзіме қарамай кеткен едім», - дейді.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Косметологиядан шықпаймын. Ол мойындайтын нәрсе және де дұрыс тамақтану, әрине ол былай айтқанда жас келген сайын біз жасармаймыз, түсінікті белгілі нәрсе ғой. Енді күтім әрине міндетті түрде қажет әйел баласына. Сол себептен жиі өзіме қарауға тырысамын.

Арапбаева: «Сұлулығымды сақтап қалу үшін пышақ астына жатудан да жүрексінбеймін», - деп отыр. Ернін үлкейтіп, бетін хирургиялық жолмен тарттырған әнші, бұл күндері тек мэйк-аппен жүруді әдетке айналдырған.

 

Ернінің пішіміне көңілі толғаман Айым Сейітметова да кезінде пластиканың көмегіне жүгінгенін жасырмайды. Алайда, ару: «Бұл жасатқан жалғыз отам», - деп ақталды.

Айым Сейітметова, актриса, блогер:

-Өзгерістер бар ия, мен негізі өзім де түсінбей қалдым, көзім ашылып кеткен сияқты. Көбісі ойлайды көзге операция жасатты, мүмкін андай щеки как это называется щеки когда убирают.

Фариза Ескерместі жанкүйерлері табиғи сұлулық иесі деп таниды. Алайда, көп ұзамай сылқымның келбетінен өзгерісті байқап жатсаңыз еш таңқалмаңыз.

Фариза Ескермес, әнші, актриса:

- Пластикалық операцияларға, оталарға мен жақсы қараймын иегізі. Қарсы емеспін. Егер қыз жасатқысы келіп тұрса, жасатсын. Бірақ ешқашан өзімнің пышақ астына жастақан емеспін.

Фариза сынды, Зарина Алтынбаева да мүмкін болса, табиғилықты сақтап қалуға шақырады. Опера әншісі тіпті біраз кеңестерімен де бөлісті.

Зарина Алтынбаева, опера әншісі:

– Қыздар барынша ұйқыны дұрыстау керек, уақытылы ұйықтау өте маңызды. Макияжсыз жүруге тырысыңыздар. Сондай-ақ қазіргі сұлулықтың сыры әрине ол спортта деп ойлаймын.