Отандық өнер өкілдерінің кумирлері кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық өнер өкілдерінің де өз кумирлері бар! Тіпті, олардың арасында шетелдік жұлдыздармен жүздескендері де жетерлік. Мәселен, Димаш Құдайберген балалық шағының арманы – Джеки Чанмен, Софи Манасян Анджелина Джолимен кездессе, Нұрлан Қоянбаев танымал түрік актерларын үйіне қонақ еткен-ді.

Ал кезінде Ким Кардашьянмен кездескен жұлдызды визажтист Санди Бексырға үшін Дженнифер Лопесті әрлеу арман. Шебер кумирын жақыннан көру үшін Дубайға арнайы аттанған да еді.

Санди Бексырға, визажист:

- Дубайда концерті болған осы 2018 жылы январьдың, қаңтар айының 13-і күні. Сөйтіп Дубайға бардық, 10 000 адам болды концертте. Ерте барып алған, алдында тұру үшін 3 сағат бұрын. Гүл алып барсам бәрі күліп жатыр, фанаттар алмайды ғой гүлді деп. Ең соңғы әнін айтып жатқан кезде, қолымды көтеріп едім, мен жақа қарай келіп, гүлімді. Ол ерекше сезім деп ойлаймын.

Ал Дидар Кәден болса Уилл Смит пен Джейсон Стэтхэмды көрсем екен дейді. Өнерпазды әсіресе киногерлердің 50-ден асса да, сол қалпы сақталған мінсіз мүсіні мен дене пішімі қызықтырса керек.

Дидар Кәден, әнші:

- Менің өзімнің сүйікті актерларымның бірі Уилл Смит немесе жаңағы Джейсен Стэтхэм. Түрлері өзгерсе де жаңағы жасы келіп, бет-әлпеттері әжім түсіп қартайса да, бірақ денелері формалары әлі сол қалпы.

Гүлназ Жоланова үшін әлемдік актерлар емес, Геннадий Головкин нағыз жұлдыз. Өнер иесі, былғары қолғап шеберінің шын жанкүйері екен.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Енді, спорт болса, еліміздің мақтанышы Генадий Головкин, біріншіден. Әлі де кездесіп көрмегенмін. Ол кісімен кездескім келеді, суретке түскім келеді.

Ал Гүлназдың бұл арманы көп ұзамай орындалады деп сенеміз.