Тимати мен Ирина Шейкты не байланыстырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана ажырасқан Тимати бүгінде жеке өмірін белсенді түрде қолға алғандай! Әнші нағыз махаббатын жолықтыру үшін «Холостяк» шоуына қатысып жүр. Тіпті Тимати, Ирина Шейктің дәл осы жобаға қатысқанын қалайтынын білдірген. Енді көпшілік: «Әйгілі сәнбике мен бизнесмен арасында сезім оты тұтанды ма», - деп топшылауда.

Крис Прэттың отбасылық өмірінде қиындықтар туындады! Актердың жары Кэтрин Шварцнеггер тұңғышына көңіл бөле алмай жүргенін айтып ашынды. Жұлдызды жұптың қыздары Лайла небәрі үш айда. Кэтрин уайымдаймын деп, тіпті, депрессияға ұшыраған. Ал Крис бұл күндері жұбайына қолдан келгенше көмектесуде!

Келісімшартың арқасы! Эмбер Херд «Аквамен» фильмінің екінші бөлімінде басты рөлді қайта сомдайтыны белгілі болды. «Warner Bros» студиясы атышулы актрисамен ортақ келісімді үзе алмапты. Еске салсақ, Эмбер экс-күйеуі Джонни Деппен соттасып жүргенде барлық жобаларынан айрылып қалған еді. Енді «Warner Bros»-ке Хердті туындыға қайта шакыртуға тура келген.