Әлемдегі ең сексуалды ер азамат анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл сайын дәстүрлі түрде танымалдар арасынан ең тартымдыларды таңдайтын «People» журналының биылғы жұлдызы - Майкл Бакари Джордан. «Marvel» кейіпкері мұндай қуанышты жаңалықты Джимми Киммелдің шоуында естіген-ді. Бұған дейін «Әлемдегі ең сексуалды ер азамат» Хью Джекман, Райан Рейнольдс және Мел Гибсон болған еді.

«Том и Джерри» үлкен экрандарда! «Warner Bros» студиясы әйгілі мультфильмге арналған толықметрлі туындының алғашқы трейлерін жарыққа шығарды. Талай жылдық тарихи бар анимацияда актриса Хлоя Грейс Морец жаңа кейіпкер атанған. Ал мысық пен тышқанның қызықты хикаясы Джерридің Нью-Йорк қаласында қонақүйге орналасуынан басталады. Жоба авторларының айтуынша, лента 2021-шы жылы үлкен экрандарға жол тартпақ.

Ариана Гранде тыңдармандарын су жаңа бейнебаянмен қуантты! Әлемге әйгілі әнші көптен күткен «34+35» трегіне арналған клипінің тұсауын кесті. Сюжет желісі ерек видеода өнерпаз ару кибер роботқа айналады. Мұндай жаңашылдық көпке жаққандай, туынды бірнеше сағаттың өзінде 1 млн-нан аса қаралым жинаған. Еске салсақ, аталмыш композиция Гранденің «Positions» атты альбомына енген еді.