Say Mo мен Шако некелерін қидырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Заңды түрде ерлі-зайыпты атанған Say Mo мен Шәріп жағымды жаңалығын жұрттан жасырып қалмады. Жұлдызды жұп ең әуелі заңды түрде, кейіннен мешітке барып мұсылманша некелерін қидырған. Тіпті, рэпер ару жарының тегіне де ауысқанан қуана мәлімдеді. Бұдан-былай ол құжат бойынша - Мөлдір Серік.

Ал көптен бері АҚШ-та тұрақтаған әнші Лидо жаңа мамандықты меңгермек! Өнер иесі стилист мамандығы бойынша білім алуды ұйғарған. Милан сән мектебінің оқушысы атанған ол, бүгінде фэшн саласының үздігі атану үшін барын салуда. Досалина: «Сүйікті ісің болса, кәсіби түрде шыңдалып, білім алуға ешқашан кеш емес», - дейді.

Атышулы «Борат 2» фильмі дисквалификациялануы мүмкін! АҚШ-тағы қазақ-америка ассоциациясы «Боратты» «Оскар», «Золотой Глобус» сынды киносайыстарының номинанттар тізімінен алып тастауды сұрауда. Бұған себеп, аталмыш фильмнің қазақстандықтарға деген бұрыс көзқарастың қалыптасуында. Тіпті, «Борат 2» жарық көргеннен кейін, отандастарымызды қорлау фактілері көбейген.