«Eternals» фильмі көрерменге жол тартпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Картина талай ғасырдан бері жер шарын зұлымдықтан қорғап келе жатқан батырлар жайлы болмақ. Туындыда тағы «Тақтар таласындағы» Ричард Мэдден мен Кит Харингтон да төбе көрсетеді. Биыл екі бірдей «Оскар» алған картина режиссері Хлоя Чжао «Бұл басқалардан айырықша оқиға болады» деп сеніммен айтып отыр. «Eternals» лентасы, әлемдік прокатқа 2021 жылдың аяғында жол тартпақ.

Режиссер Антуан Фукуаның кезекті фантастикасы ағымдағы жылдың күзінде үлкен экрандарға жол тартпақ! «INFINITE» деп аталатын триллерде Марк Уолберг, Дилан О’Брайен, Крис Эванс, Лиз Карр төбе көрсетеді. Фильмдегі басты кейіпкер Эван Майклс өткен екі өміріндегі барлық жәйтті бүге-шүгесіне дейін біледі. Сюжет желісі бойынша Эвансқа бұл қасиет тек кедергісін келтіреді. Бұл тығырықтан ол қалай шығады?

Netflix ұсынған тағы бір туынды «Katla» киносының трейлері жарыққа шықты. Картина 17 маусымда үлкен экранға жол тартпақ. Көпті күттірген кинода Вик қаласындағы жанартау жайы айтылады. Табиғи апат кезіндегі адамдар арпалысы мен қиыншылығы суреттеледі. Режиссер Бальтасар Кормакур бұл фильмді түсіру психикалық тұрғыда қиын болғанын айтады.