«iTunes» чартында тыңдалымы бойынша топ жарған кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жақында HammAli & Navai тыңдарманына «Птичка» атты тағы бір тың туындыны тарту еткен еді. Трек шыққан бойдан, бірден iTunes-тің үздіктер көшін бастап кетті. Еске салсақ бұл ән HammAli & Navai-дің дуэт ретінде орындаған соңғы туындысы. Десек те, олар тыңдарманына берген уәделерін ұмытпапты. Енді екеуі бір топта өнер көрсетпесе де, болашақта бірге жұмыс істеулері әбден мүмкін.

Ал музыкалық чарттың екінші сатысына 3 күн бұрын ғана жарық көрген Скриптониттің «Будьте здоровы» трегі жайғасқан. Хип-хоп орындаушының кез-келген әні тұсауы кесіле сала тыңдарман көңілінен шығады. Сондай-ақ, Әділ Жалеловтың бұл туындысы «Свистки и бумажки» альбомынан кейін ұсынған алғашқы синглы.

Ал музыкалық чарттың үздік үштігін Dose пен Dequine түйіндейді! «Ветер» атты ән өнерпаздарға «iTunes»-та үлкен танымалдылық алып келді. Әсерлі тандем ұсынған трек көпке ұнаса керек, туынды бүгінде үздіктер қатарынан әлі де түсер емес.