«BTS» тобы «Billboard» музыкалық чартының үздігі атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром
Бұл аптада «Billboard» музыкалық чартының үздігі Оңтүстік Корейлік  «BTS» тобы. «Butter» трегі тыңдарман көңілінен шығуда! Еске салсақ, аталмыш әнге таспаланған клип жарық көре сала, Гиннестер рекордын жаңарқан еді. «YouTube»-та бейнебаянының премьерасын бір уақытта 4 миллионға жуық көрермен тамашалап үлгерген. Ал бүгінде қаралым саны 284 млн-нан асқан.

Оливия Изабель Родриго болса, «Good 4 u» трегімен чарттың екінші орнына жайғасқан. 18 жасар талантты әншінің бұл үшінші ресми синглы. Аталмыш ән мамырда шыққан «Sour» дебюттік альбомының құрамына кіреді.

Оливия Изабель Родригоның «Billboard» чартынан табылған бұл жалғыз әні емес! Өнер иесінің сондай-ақ, «Deja vu» туындысы тыңдалымы жағынан топ жарып үздік үштікті түйіндеп отыр. Еске сала кетсек, музыкант осыған дейін «Drivers License» трегімен де трендтен түспеген еді.