«BAFTA TV Awards 2021» марапаты өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше осымен 67-ші рет «BAFTA TV Awards 2021» марапаты өтті! Британдық академия кино және телевизия саласының майталмандары арасынан, үздік телехикаялар мен шоулардың жеңімпаздарын анықтады.

Үздік драмалық сериалды «Save me» жеңіп алса, үздік мини-телехикая «I may destroy you»-ға бұйырды. Ал «Үздік режиссер» – Микаэла Коэл болса, драмадағы үздік сценаристты да, үздік актрисаны да алды. Эфир кезіндегі өнер иесінің әсеріне қарап, бұндайды күтпегенін байқауға болады.

Бірнеше марапатты қанжығасына байлаған Микаэланың сұқбат барысында, әбден толқығанын байқауға болады.

Микаэла Коэл, актриса:

– Уау, шыны керек қатты қобалжып тұрмын. «BAFTA TV Awards 2021»-дің әділқазылары дәл мені жеңіпаз етіп таңдағандарына рақмет. Бұл жалғыз менің жеңісім емес, командалық жетістік.

Шара барысында қатты әсерленген Микаэла, алғыс сөзін қағаздан оқыды. Ал «Үздік ер адам рөлін» иемденген Пол Мескал өзінің жеңетініне сенімді болған сияқты. Себебі марапатқа сүйіктісі Дэйзи Эдгарды ерте келген.

Салтанатқа қара түсті смокингпен келген Пол, бірден көзге түсті. Ол сахнаға сенімді шыққанымен, сөз бастағанда сәл тосылып қалды.

Пол Мескал, актер:

– Мені осы сахнада тұрады деп кім ойлаған иә? Қолымнан келді! Дәл қазір неден бастарымды білмей тұрмын. Бірақ осы шараға қатысы бар барша ұжымға рақметімді айтқым келеді. Ең бірінші мен үшін тақым қысып отырған ата-анама алғыс! Бұл жеңісімді сіздерге арнаймын!

Ал Чарли Купер «Комедиялық жанрдағы үздік актер» марапатын еншіледі. «Үздік реалити-шоуды», «The School That Tried to End Racism» жеңіп алды.