Гай Риччидың су жаңа лентасы кассалы утынды атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен уик-эндтың топ үшігінде «Адам ашуы» лентасы. Айналымдағы төртінші аптада 11 млн-нан аса кіріс көрген фильмді әйгілі режиссер Гай Риччи таспалаған. Басты рөлді Джейсон Стэйтем сомдаған атыс-шабысқа толы картина, баласынан айрылып қалған жігіттің кек алу жоспары туралы.

Кассалық жиыны бойынша оза шапқан туындылардың тағы бірі – «Айнбо. Амазонканың жүрегі» мультфильмі. Анимация 14 млн-ға жауық қаражатпен екінші сатыға жайғасқан. Картина джунгли ханшайымы атанған кішкентай батыр қыздың хикаясын баяндайды. Сюжет желісінде Айнбоға өзінің халқын зұлым күштерден құтқару миссиясы сеніп тапсырылмақ.

Бокс-офистың үздігі «Форсаждың» 9-ші бөлімі. Әйгілі франшиза 33 млн кіріспен көш бастайды. Драйвқа толы лентада көрермен көзайымына айналған кейіпкерлер әлемді құтқару үшін қайта бас қосады. Онда тіпті Доминик Торретоның туған бауыры Джейкоб та төбе көрсетпек.