Дәурен Серғазин карантин кесірінен кез-келген киноға түсуге әзір!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинде қаржыдан қысылып, гонорарын азайтқандардың бірі – Дәурен Серғазин. Театр және кино актеры пандемия кезінде түскен ұсыныстарға бірден келіскенін айтады. Көптеген режиссердың шақыртуын қабылдай бермейтін Серғазин, бұл кезеңде кез-келген рөлге дайын болдым дейді.

Дәурен Серғазин, актер:

– Көптің ішінді бізде бармыз ғой, әрине әсер етеді. Түсірілімдер азаяды. Баға жағы да түсуі мүмкін. Бірақ енді ең бастысы бір орында тұрып қалған жоқ, өнер дамып жатыр, кинолар түсіріліп жатыр. Жаман болсын, жақсы болсын, өнер бір орында тұрмауы керек.

«Карантин киноиндустрияда актерлар арасында бәсекелестік тудырды», - дейді Нұркен Иманқұлов. Құралай Анарбекованың «Ва-Банк» фильмінің басты кейіпкері сол үшін қаламақысын да түсірген. «Жайдарман» жұлдызының айтуынша, бүгінде жобалар саны саусақпен санарлық.

Нұркен Иманқұлов, актер:

– Біз жаңағыдай: «Жарайды, сені шақырмаса басқасын шақырар, сол қатып қалған баға»,- деп тұра беретін едік. Қазір ондай жоқ. Бізде қатты аузымызды аша алмаймыз. Олар да көп жаңағыдай ұсыныс жасай бермейді. Сол себепті біз әр осындай берілген рөлге, әр осындай проектке «аааа» деп зубами, всеми ногами дегендей жабысып.

Десе де, карантинде өз бағасын ұстап тұрған актерлар да жоқ емес. Мәселен, Гүлнәр Сильбаева қаржылық қиныдықтарға қарамастан, гонорарын түсірмеген.

Гүлнәр Сильбаева, актриса:

Бір кездері актерлардың гонорарлары төмендеген сәттер де болды. Себебі жобалар азайып кетті. Дегенмен карантин болса да түсірілімдерге шақырту болған соң жеке басым қаламақымды азайттым деп айта алмаймын. Сол қалпы, келісілген бағада жұмыс жасадым.

Қайрат Әділгерей болса, пандемиядан кейін керісінше кинонарықтағы бағаның көтерілгенін алға тартады. Актердың айтуынша, бұл кезеңде туындылардың саны азайып, сәйкесінше сапасы өскен.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Гонорар жағына келетін болсақ, тек қана осы әртістер емес жалпы кез-келген нарықта да гонорар жағы кішкене «услуга» жағы арзандады да, бірақ баға нарықтағы керісінше қарыштап өсіп келе жатыр.

Еске салсақ, Қайрат Әділгерей карантин кезінде «Хотя бы кинода» фильмінде басты рөлге шақырту алған еді.