«Тыныш жер 2» фильмі аптаның үздігі атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар «Тыныш жер 2» фильмін аптаның үздігі деп таныды! Кассалық табысы жағынан көш бастаған туынды өткен уик-эндте 39 млн теңгеден аса қаржы жинаған. Эмили Блант, Киллиан Мёрфи сынды голливудтың жұлдыздары басты рөлді сомдайтын лента фантастикалық триллер бағытында. Еске салсақ, картина араға 4 жыл салып, екінші бөлімін ұсынып отыр.

«Форсаж»-дың тоғызыншы бөлімі де көрермен тарапынан жоғары бағалануда. Әйгілі франшиза айналымдағы үшінші аптада 15 млн теңге кіріс көріп, екінші сатыға жайғасты. Драйвқа толы лента 2020-шы жылы ұсынылуы тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты картина кешіктіріліп, жарық көріп отыр.

Эмма Стоун бой көрсеткен «Круэлла» 12 млн теңге пайдамен үздік үштікте. Еске салсақ, картина «101 долматинец» лентасы арқылы танымал жауыз әйел жайында.Ұлыбритания мен АҚШ елдері бірігіп таспалаған тың туындының сюжет желісі 70-ші жылдары Лондон қаласындағы фэшн және панк-рок мәдениеті тақырыптары сөз етілмек.