Сәбит Рахимбаев киносаласының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін айтуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин киногерлер үшін оңайға соқпағаны анық. Қыруар қаржыға фильмін таспалап қойған продюсерлер, туындыларын әлі күнге дейін ұсына алмай келеді. Мәселен, Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски в Турции» картинасының премьерасын жоспарланған уақытынан кешіктіруде.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Бәріміз біртүрлі сезімде тұрмыз. Бұйырса бәрі бітсін. Алла қаласа шығамыз. 100 пайыз кинотеатр ашылғанын күтеміз. Өйткені біз өзімізде сол жалғыз киномыз. Жыл сайын шығатын, сондықтан да біз кинотеатрлардың әрине күтеміз.

Залдың 50 пайызын ғана көрерменмен толтырып, жұмыс істеп келе жатқан кинотеатрлар алдағы уақытта толықтай ашыла ма, жоқ па әлі белгісіз. Актер әрі сценарист Сәбит Рахимбаев бұлай жалғаса берсе, кино саласы банкрот болатынын айтады.

Сәбит Рахимбаев, актер, сценарист:

– Мәселен Ресейде кинотеатрларды 100 пайыз уақытында ашты. Бізде кино орталықтардың тағдыры қыл үстінде, кез-келген уақытта жауып тастайды. Әрине менің ойымша бұл дұрыс емес, себебі вакцина алған халық көбейді.

Бүгінде киногерлер ғана емес, өзге өнер өкілдері де кинотеатрлардың тағдырына алаңдаулы. Соның бірі - «Rin’GO» тобының әншісі Аян Бірбаев. Отбасымен тұсаукесерлерден қалмайтын ол барлығының баяғыдай қалыпқа келуін күтіп жүр.

Аян Бірбаев, «Rin’GO» тобының әншісі:

– Күнделікті барып жүргеннен кейін ондай мән бермейді екенсің, соншалықты маңызды екенін өмірімізде, өмірде бір маңызды орын алатынын. Ал, жабылып қалғаннан кейін кәдімгідей не істеріңді білмей қалады екенсің.

Карантин қайта күшіне еніп, кинотетарлар жабылып қалған жағдайда Тико петиция жазуға ниетті. Себебі ол тикток туралы фильмінің түсірілімін жоспарлап қойған.

Tiko.XO, «EQ» тобының экс-мүшесі:

– Кинотеатр біз үшін антидеприсанттың бірі. Андай кейбіреуіне жетіспейді да ол, вот сондай киноның бағанағыдай не деп айтсақ болады масылы эйфория киношный эйфория ма....

Карантин кесірінен жарыққа шықпаған картиналар жетерлік. Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабина 3», Құралай Анарбекованың «ТойХана», Асқар Бисембиннің «Суперагент келинка», Бүркіттің «СуперӘгенты» және Тимур Бақтыбаевтың «Портье: Мальчик на побегушках» фильмдері әлі де өз кезегін күтуде.