Карантинге қарамастан, отау құрған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Биыл шоу-бизнестегі талай бойдақтың басына бақыт құсы қонып, қаншама қыз құтты мекеніне ұзатылды. Тіпті, бір басын екеу етікісі келген оларға пандемияның өзі кедергі бола алмағандай. Карантин талаптарына бағынған жұлдыздар, бұл кезеңде тығырықтан шығар жол іздеді.

Нағима Настевич, вайнер:

Тамыздан кейін карантинды жеңілдетілген кезінен біз содан кейін тойды жасадық. Жалпы бізде аз адам болды, бір 20 шақты. Біз оны далада істедік.

Карантинде табысып, шаңырақ көтерген жұлдызды жұптың тағы бірі - Дархан мен Дарикорн. Қос ғашықтың қуанышына арналған салтанатты жиын желтоқсан айында дүркіреп тұрып өтті. Блогерлер тойларын барынша жасырып қалуға тырысқанмен, ондағы жаңашыл келіннің видеосы барлық пабликтарда тарап кетті.

Daricorn & Дархан, жұлдызды жұп:

– Өзіңнен кіші қыз болса тыңдайды, үйретесің ал бұл маған көп нәрсені үйрететін сияқты әлі. Сондай ұрсып, қырыламыз да прикол ұстаймыз бір-бірімізге.

Сая Оразғалиева да қуанышынан ешкімді қалдырмауға тырысқан! Еске салсақ, актриса жуырда ғана екінші мәрте отау құрып, Ильяс Ильминов есімді азаматтың жары атанды. Меркелік кеш шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен, ашық аспан астында өтті.

Әзірге тойын дүркірете атап өтпесе де, актриса Жания Джуринская да карантинде бақытын тапқандар қатарында. Актриса блогер Данияр Хизметовпен некесін қидырып, қос тарап құдалық өткізген еді. Бүгінде олар да мерейлі мерекенің қызу дайындығына кіріскен.

Данияр Хизметов, блогер:

– Тойға дайындалып жатырмыз. Барлығын әзірлеу үстіндеміз. Негізінде қалада үлкен, ашық аспан астында өтететін террасса табу өте қиын екен. Қалғанын инстаграмнан көре жатарсыздар.

Ақ жаулық кию бақыты Біржан Әшімнің қалыңдығы Диана Әлиеваға бұйырды. Желі жұлдыздары қазақтың салт-дәстүріне сай жиын жасады. Қуанышты мерекеге Біржанның ет жақындары қатысқан. Олардың арасында әнші Мадина Сәдуақасова да бар.

Сондай-ақ, карантинде Роза Рымбаева тұңғышы Әли Оқаповты үйлендіріп, әнші Ақерке Бүркітбайды келін етсе, режиссер Ақан Сатаев қызы Марйамды құтты орнына қондырған еді. Одан бөлек, желіде «Найнти уандық» Әлемнің сәнбике Вероника Жангаловамен некелескен сәттегі фотосы тараса, Мақпал Исабекова қалыңдық атанғаны туралы сүйінші хабарымен бөлісті.