Криштиану Роналду инста рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду инстаграмда 300 млн. оқырман жинап, рекорд орнатты! Әлемге әйгілі аяқдопшы дәл осындай жетістікке жеткен тұңғыш адам атанып отыр.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде белсенді танымал спортшы фолловер саны бойынша 2018 жылдан бері көш бастап келеді. Ал футболшыға деген оқырман қызығушылығының артуына оның сүйіктісі Джорджина Родригес екеуінің хикаясы себеп. Бүгінде Роналдудың өмірі сөзсіз телефон экранның ар жағындағы әр оқырманға қызық.

Инстадағы фолловер саны бойынша екінші орынға Дуэйн Рок Джонсон жайғасқан! Оның оқырман саны 247 млн-ды құрайды. Мінсіз мүсінді актер инстадағы аудиториясын мақсатты түрде көбейтіп келеді. Себебі, сұраныстағы сері үшін бұл да қалтаны қалыңдатудың қосымша амалы.

Ариана Гранде де әлі де желі қолданушылары арасындағы танымалдылығын жоғалтпақ емес! Соңғы кездері хит тректер ұсынбаса да, оның фалловер саны 245 млн-ға жеткен. Әсіресе, әншінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары көптің қызығушылығын оятса керек. Мәселен, оның тұрмысқа шыққан сәттегі фотолары 26 млн-нан астам лайк жинаған.

Сондай-ақ, оқырман саны көп үздік ондықтың құрамында Кайли Дженнер, Селена Гомез, Ким Кардашян, Джастин Бибер, Бейонсе де бар.