Арасында жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар туралы не білеміз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Махаббат жасқа қарамайды! Бұл тұжырымды шоу-бизнестегі кейбір жұлдызды жұптар дәлелдеп келеді. Мәселен, Айқын жары Жұлдыз Өмірғалиден 13 жас үлкен. Төлепберген-тегі бұл ежелден келе жатқан үрдіс екенін алға тартып, оның еш әбестігі жоқтығын айтады.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Енді қазақ халқына бұл жат нәрсе емес, қазақ халқында күйеуі мен әйелінің арасында 50 де жыл болған, сезілмейді, сезілсе басынан бастап сезілер еді ғой. Қыздар өзінің жасынан үлкен болады көбіне енді ойы, санасы жағынан.

Айқынға арадағы жас айырмашылық еш сезілмесе де, Жұлдыз үшін күйеуінің өзінен үлкен болғаны байқалады екен. Әнші әсіресе маңызды шешім қабылдарда, әрдайым екінші жартысының кеңесіне жүгініп отырады.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

– Әрине білініп қалады кейбір кездерде. Оның өмірдегі тәжірбиесі молынан болғаннан кейін. Ол кейбір айтқан ақыл кеңестері сәтемен болады. Енді сондай ғана кездерде болмаса ал жалпы қалжыңымыз жарасып тұрады.

Жахан Отарғалиев те әйелі Балжан Бидаштан 10 жасқа үлкен. Таяуда ғана отасқан танымалдар үшін бұл ерекшелік қарым-қатынастарында еш кедергісін келтірмейді. Алайда, Жахан: «Керек кезде Балжанның кіші екенін есіне салып отырамын», - дейді

Жахан Отарғалиев & Балжан Бидаш, жұлдызды жұп:

– Жас айырмашылығымыз онша мұнша бір қатты сезілмейді. Білмеймін енді Балжан менен 10 жас кіші ғой. Бірақ енді еркелететін жерінде еркелетіп, «так» дейтін жерінде «так» деп қоятынымыз бар. Солай ма, саған сезіле ма әлде? Ағамен тұрып жатқан сияқты емессің ба? Таңертең тұрып «саламатсыз ба аға, ой жаным қалайсың» деп. Ондай емес қой иә?

Динара Сұлтанның да күйеуімен жас айырмашылығы айтарлықтай. Алты бала тәрбиелеп отырған өнер иесі жарынан 17 жасқа кіші. Еске салсақ, әнші Ерлан Қожасбай есімді бизнесменге 12 жыл бұрын тұрмысқа шыққан еді.

Динара Сұлтан, әнші:

– Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым.

Сондай-ақ, Луина сүйіктісі Артем Обуховтан 7 жас үлкен. Ал әнші Диная мен композитор Ренат Гайсин арасы 7 жыл.