Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер тізімі анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен уик-эндте киномандар көңілінен шығып, кассалық табысымен бірінші болған «Түзелмейтін Рон» мультфильмі. Анимациялық туынды 39 млн теңге кіріс көрді. Еске салсақ, картина Барни есімді балақайдың робот досы жайлы.

Көрермендерімен қайта қауышқан агент 007, 29 млн пайдамен екінші сатыда. Тағы бір мәрте Джеймс Бонд атанған Дэниэл Крэйг кезекті миссияға аттанады. «Өлетін уақыт емес» фильмінің актерлік құрамында бұл жолы Рами Малек те бар. «Оскар» иегері атыс-шабысқа толы лентада Бондтың қарсыласы ретінде жағымсыз кейіпкердің образын сомдайды.

Үздік үштікте 28 млн теңгемен «Семейка Аддамс: Горящий тур» мультфильмі. Екінші бөлімі жарық көрген анимацияны Оскар Айзек, Шарлиз Терон, Хлоя Грейс Морец сынды танымал голливуд жұлдыздары дыбыстаған. Туындыда Аддамстар әулеті шытырманға толы саяхатқа атанады.