Жарқынай Ханайымның жеке өмірінде қандай келелі өзгерістер орын алуда?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сериалдағы сүйісу сахнасы... Жанжалға сеп болған да осы сәт екен. Қазіргі «Кешью» құрамындағы – Наргиз Алтайбайдан жары Айдар Асқарбекті қызғанған Жарқынай желіге өкпесін жариялайды. Кейін өшіріп тастайды. Қазіргі қарым-қатынастары туралы өзі былай дейді:

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Бұл тақырып қазірше белгісіз. Өздеріңіз-ақ байқайсыздар ғой. Инстаграмнан-ақ көріп отырсыздар ғой. Сондықтан бұл қазірше белгісіз тақырып. Қалай болатыны енді Алланың жоспарында ғой. Қосам десе, екі жылдан кейін де қосып жібереді. Сондықтан қазір енді уақыттың еншісінде. Қазір бүкіл назарымды өнеріме, қызыма, бизнесіме арнап жатырмын.

«Қызыма көп көңіл бөліп жүрмін», - деген Жарқынай, Айлананың шығармашыл адам болғанын қалайды екен. Оған себеп те жоқ емес.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Айлана уже жұлдыз болып туылған қыз. Оның әкесінің әулетінің өзі барлығы жұлдыз жандар. Айлананың өзіне Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы толықтай сеніп айтады, что ол творческий болады деп.

Жанұялық өмірдің жанжалынан бөлек, Жарқынайдың жеке басына жазылатын хейт жетерлік екен. «Сахнада жүргеніме 6 жылдан аса уақыт болса да, ел менің шыққан жерімді бетіме басады. Тіпті сол үшін Айдарға лайық емессің деген пікірлер айтады», - дейді.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Сол туралы сұрай береді, жаза береді немесе: «Сен өзбексің, сен моңғолсың, сен қарақалпақсың. Сен ужасныйсың короче сен өзбек сияқты пысықсың. Слишком қусың деген сияқты мен түсінбеймін. Ол тақырып қалмайды деп ойлаймын. Жаза береді, жаза береді.

«Бүгінде продюсерлерімнің маған деген өкпесі бар»,-дейді Жарқынай. Бірақ себебін ашып айтқысы келмеді. «Шығармашылық бүйірімді шығармады» деген ол, бүгінде кәсіпке кірісіп кеткен.

Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:

– Айтсам өтірік болатын шығар, творчестводан үлкен ақша тапқан емеспін. Тем более продюсерлермен жұмыс жасадым. Мен әрқашан продюсерлер менен ақша тапса екен дейтінмін. Себебі ол кісілер маған ән жазып берді, киноға түсірді. Творчестводан емес, мен кәсіптен қазір көп ақша таптым. Творчество ол ладно бір ай 1 миллион аларсың, бірақ 2 ай жұмыссыз жатасың.