Әлішер Кәрімовтың пластикалық ота жасатқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлішер Кәрімов 2019 жылы Оңтүстік Кореяға арнайы барып, қабағының пішіні мен көзін үлкейткен еді. Блефаропластика істетуге кеткен уақыты 40 минут, ал бағасы - 5000$. Алайда, бұл Әлішер жасатқан жалғыз ота емес. Өнер иесі мұрнын да өзгерткен. Өнерпаз мұндай қадамға сахнада әдемі көрінуі үшін барғанын жасырмайды.

Әлішер Кәрімов, әнші:

– Косметологияны қолдағаным үшін әрине рас, оны жасырмаймын мен. Және де бір сұқбатта айтқам блефоропластика жасатқанымды. Енді көрініп тұр ғой. Көздерім сәл өзгерді, ашылды.

Бүгінгінің тренді блефорапластикаға жүгінген жалғыз Әлішер емес. Оның әріптесі Айқын да 2021 жылдың басында қабағын жасатқан еді. Бұл күндері әнші сұлулық үшін түрлі процедураға жүгінетінін жасырмайды.

Айқын, әнші:

– Қазір технология дамыған, медицина дамыған заманда косметологиямен кез-келген нәрсенің қазіргі дамыған медицинаның несіне жүгіну дұрыс деп ойлаймын. Себебі ертең бір жерің ауырып қалса бәрібір врачқа барасың, неге барасың, сондықтан сену керек.

Ал сыр-сымбатымен сүйсіндіріп жүрген Құралай Анарбекова сұлулық үшін әлі бірде-бір рет пышақ астына жатпағанын айтады. Әзірге табиғилықты бірінші орынға қойған кинопродюсер, бәрін болашақтың еншісіне қалдырып отыр.

Құралай Анарбекова, әнші:

– Пластика жасатқан жоқпын, бірақ та болашақта егер қажет болса мен оған қарсы емеспін.

Еске салсақ, жоғарыда аты аталғандардан өзге Маржан Арапбаева, Балжан Бидаш, Алтынай Жолдыбаевалар да пластикалық ота көмегіне жүгінген. Елімізде «блефорапластика» жасату құны 80 мың теңгеден басталып, жұмыс қиындығына қарай 350 мыңға дейін барады.