Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскардың» лонг-тізімінде! Туынды жеңіске жете ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұсауы «77-ші Венеция кинофестивалінде» кесілген «Сары мысық» картинасы талай жүлдеге ие болып үлгерді. Атап айтқанда, лента Батумиде «Үздік режиссер», Қытайда өткен «Жібек жолы» кинобәйгесінде «Үздік сценарий» номинациялары бойынша жеңімпаз атанған еді. «Қазақстандық туындылардың шетелдік сайыстарда топ жарғаны қуантады», - дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Мен бірінші көргеннен өте қуандым, осындай «Оскарға» біздің киноларды ұсынып жатқанына. Менің ойым былай негізі мир бойынша біз шығып жатырмыз. Димашымыз бар, мынау «Оскардан» бар. Оскардан бір актерский уже алып кеттік. Ресейден болсын, әншілер болсын.

Аталмыш фильм Әділхан Ержановтың шығаршалығындағы 9-шы авторлық туынды. Драма жанрында таспаланған лентаны отандық киногерлер де тамашалаған. Соның бірі «Бизнес по-казахски» комедиясының актеры Қажет Смағұл.

Қажет Смағұл, актер:

- Актер режиссердің жұмысына баға бере алмайды. Режиссер актердің ойнағанына, жұмысына баға беруі мүмкін. Ол кісіні мен былай танымаймын, енді естисің, оқисың, білесің ана жерден көресің. Бірақ өзіңнің қазағың түсіріп жатқан соң, қазақстандық туынды болған соң «Оскар» деген қандай мықты нәрсе ғой.

Ал фильмнің сюжет желісі бойынша, Кермек есімді жігіт түрмеден шығып туған жеріне оралады. Үйіне қайтып келген сәтте ол, сүйіктісі Еваның қылмыстық топтың кесірінен қара жолға түскенін көреді. Басты рөлді Ресейде туып-өскен қандасымыз Азамат Нигманов сомдайды.

Мақсат Рахмет, актер, «Алашұлы» тобының солисті:

- «Желтая кошкадағы» главный герой Азамат Нигманов деген актер менің досым. Мәскеуде біздің қазақтың атын шығарған жігіт, Сол себепті де, мен Азамат үшін, Әділхан Ержановтың, Серік Әбішев барлығы үшін өте шексіз қуанышытымын.

Әлішер Утев болса, Ержановтың әр туындысын үзбей көреді екен. Режиссер Әділханның картиналары «Оскарға» лайық екеніне сенімді.

Әлішер Утев, режиссер:

- Мен тек қана авторский кино қараймын негізі жалпы. Мен енді өз-өзімді енді авторский арт-хаусный режиссер деп айта алмаймын. Әділхан Ержанов істеп жатқан кинолар өте мықты. Енді «Оскарға» баратын кино в любом случае топ қой.

«Сары мысық» фильмінен өзге «Оскарға» «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша 93 мемлекет өз туындыларын ұсынбақ. Ал әйгілі марапат 2022 жылдың 27-ші наурызында Лос-Анджелесте өтеді.