Әнші Arsenaleen «Black Dial» тобының экс-мүшелерімен не істеп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Арсеналиннің жаңа әні тиктокта небәрі екі күн ішінде жарты миллион қаралым жинаған еді. Ал композицияға 2000-ға жуық адам видео таспалаған. Осыдан кейін, Арсен өнердегі барлық достары мен таныстарын жинап, трендке іліккен трегіне бірден бейнебаян түсіруге кіріскен.

Arsenaleen, әнші:

Сюжет махаббат жайлы. Бір қызға арнау ғой. Көп ойландым, тәуекел етіп көрейін деп. Муд видео да менде бар. Бір полноценный осындай бір барлығымыз жиналып, бұл не только клип негізі адамдармен араласып жаңағыдай, новые знакомство. Мен ішінде танымайтын адамдар да бар.

Клиптен «ЕSKO»-ны да көріп қалсаңыз таң қалмаңыз! Еске салсақ, Арсеналин мамыр айында Ескелді Қуандықтың «Сөйле» атты әнінің бейнебаянына түскен еді. «Енді қолдау білдіретін менің кезегім», - дейді өнер иесі.

ЕSKO, әнші:

– Біз массовкамыз. Бұл жерде план бойынша Арсеналин әрине басты рөлде ойнайды, біз оның достарымыз өмірде қалай, солай. Мен де бейнебаян түсірген кезде ол жерде әдейіленіп жасалынды. Чтобы біздің ауызбіршілігімізді онымен қатар сол әнге жаңадан дем бергім келді.

Арсеналиннің клипіне Ескодан бөлек, экс «Black Dial»-дық «RAY» де төбе көрсетті. Екеуі кезінде топтан жан-жаққа тарап кетсе де, өмірде жақын дос болып қалған. Тіпті, бейнебаянға да тегін түскен. Рей: «Қолымнан келсе Арсеннен кез-келген көмегімді аямаймын», - дейді.

RAY, әнші:

– Арсеналиннен ақша алсаң ұяттау болар. Өйткені біз өнерде болсын өмірде болсын доспызғой. Сол себепті қолдау таза өнер жағынан. Сол үшін қолдау үшін осылай түсейін деп жатырмыз.

Арсеналин клипте басты рөлді сомдайтын актрисаны өзі таңдапты. Бейнебаяндағы махаббатты блогер, актриса Алия екеуі көрсетпек.

Әлия Бауыржан, актриса:

– Арсеналиннің сүйікті қызы боламын. Қалай айтады бір вечеринкаға туған күнге келіп, ұнатып қалып сондай болады ғой типа сол сияқты. Өзім бірінші рет бұлай совремнный клипке түсіп тұрмын. Постоянно нежная, добрая болып түсуші едім. Осы жолы енді басқаша образда басқаша типаждағы адамды көресіздер.

Сондай-ақ, клипте экс «DNA»-лық мембер «Ocean», «Krush team» жігіттері де төбе көрсетті. Ал бейнебаян қараша айының аяғына қарай шығады деп жоспарланып отыр.