Миллиондап гонорар алатын Дариға Бадықова кезінде екі қап пияз үшін жұмыс істегенін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дариға Бадықованың табысы тойдан болған. Бірақ еңбекақысын еркеше жолмен алыпты. Актриса мейрамхана сахнасында ән айтқан, ақысына пияз берген.

Дариға Бадқова, актриса:

– Кинотеатрдың бастығының тойына бардым. Үлкен пияз жатыр екен. «Мына қызға екі мешок пияз салып бер»,-деді. Кетіп бара жатыр едім, «Пияз салып бер»,-дегенді естіп алдым ғой. Ана кісі ұмытып кетпесе екен деп, «Сіз маған екі мешок пияз берем деп едіңіз ғой», - деп өзім сұрап алдым.

Алматының қақ ортасынан 2 бірдей үй, түрлі автокөліктер мен бизнес. Елдос Қадірханов бұның бәріне бірден жете қойған жоқ. «Қара жұмыстың біразын істеп шықтым»,-деген Колобок қаражаттың көзі кәсіпте екенін түсінген.

Елдос Қадірханов, вайнер:

– Бензин заправкада мен пистолетчик болып жұмыс істедім. Бензин құйып беретін. Сөйтіп бензин құйып жүріп фарт... Бізде қазір айлыққа жұмыс істейді ғой. Бізде ол кезде айлық жоқ. Машинадағы адамдар, водительдер не береді, соны алатынмын. Сөйтіп мен өзім күзге киім алып алғам. Басында ұялатынмын, содан кейін өзім сұрап алатын болдым.

Ал Әйгерім Қалмұратова актерлық мансабындағы алғашқы гонорарын есіне түсірді. «Бір айлыққа қарап жүрген уақытта, сол киноның табысы қажеттілігімді жабатын»,-дейді өзі.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

– 2011-2012-де алғаш эпизодқа түскем. Ол 10 жыл бұрын осыдан. Ол кезде күніне 5 мың теңге алатынмын. Бірақ оның өзі жететін маған. Енді ол 10 жыл бұрын ғой. 5 мың теңге деген мен үшін де жақсы ақша болатын. Ол кезде одан бөлек мен банкте жұмыс істедім. 17 мың теңге болатын зарплатам. 17 мыңды бір айда алам, ал 5 теңгені мен 1 күнде алам.