Қаржыдан қысылған жас әншілер енді тойға шықпақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлан Алимовтың продюсерлігі кезінде Зируза мүлдем тойға шықпайтын еді. «Тrend entertainment»-тен кеткеннен кейін әнші бұл ойын өзгерткенге ұқсайды. Тіпті, ол жақында су жаңа 3 әнінің тұсауын кеспек. Тректердің бағыты бұрыңғыдан басқаша болуы да мүмкін.

Ziruza, әнші:

- Ойланып көремін, бірақ тойлардың да неше түрлі түрлері болады. Сол түріне байланысты ойланып көремін. Қазіргі кезде концерт ешқайда шықпай жүрмін.

«Тойға шақырту түссе ойланып көруге болады» дегендердің тағы бірі - Ескелді Қуандық. Әзірге ол ән жазып, пайда тауып отыр екен.

ESKO, әнші:

– Егерде мүмкіндік болса, сол мероприятиеде сахна болса, мені құрметтей алатын сахна болса мен шығуға дайынмын. Ұсыныстар түседі осындай осындай суммада, осындай нәрсе деген сияқты. Ән жазамын, сөз жазамын тағысын тағы нәрселер жасаймын. Өзімнің әндерімді тасылмалдаймын, экспорттаймын.

Ал «DNA»-дің экс мембері Рэй: «Концерттерге, түрлі шаралараға қатысып табыс тауып отырмын», - дейді. Еске салсақ, Әнуар топ тараған соң жас әншілерге сабақ беріп, мұғалімдікке бет бұрған болатын.

RAY, әнші:

– Жалпы табыс көз көбінесе осындай іс шаралардан концерттерден яғни өзіндік табыс көзі болады ол жерден. Әртістер бір желілерге ән салған кезде стрим арқылы табады деп айта аламын.

Тағы бір «DNA»-дің экс мембері Нейтрон, топтан алғашқылардың бірі болып кеткен еді. Бүгінде ол шығармашылығымен қатар, кәсіпкер атанып, бизнеспен айналысуды қолға алған.

Ne1tron, әнші:

– Өзім жалпы басқа жерде жұмыс істеймін. Жұмыс жасап басқа тірліктермен айналысып солай күн көріс жасаймын. Өнермен кей кезде болады, сол кезде істеп шығып сондай нәрсе. 3 жыл бойы музыкамен айналысып келдім, студиядан бір де бір рет шыққан жоқпын. Сондықтан, қазір маған кішкене бизнес жаққа ауытқу, ауысу кішкене қиындау боп жатыр.

Байқағандарыңыздай, жас әншілердің бір тобы ән жазып, таланты арқылы ақша тапса, екінші тарап кәсіп ашып, бизнестің соңында жүр. Бірақ бәрінің басын қосатын бір алаң – сахна!