Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері сахна мәдениетін ұстана ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан 2 жыл бұрын Ернар Айдардың ауқымды концертінде түрік әншісі Сердар Ортач басты хедлайнердің бірі болған еді. Алайда, алыстан арнайы келген қонақ мас күйінде сахнаға шығып, кеш иесін әбігерге салғаны бар.

Айдана Меденова, әнші:

– Сахна мәдениеті сол, жақсы дұрыс қалыпта шығу. Өзіңнің тұрыс, образың барлығы нормада болу керек. Шеттен шығып кетпеу керек. Бәрі сондай бір, тәрбиелі, ең бастысы сол шеттен шығып кетпеу керек.

Рэперлер жиналған концерттердің көбі ережеге бағынбай өтеді. Мәселен, осыдан екі апта бұрын Алматыда ұйымдастырылған концертте рэп-орындаушы «Кисло Сладкий» көрермен алдына жартылай жалаңаштанып шыққан еді. Хип-хоперлер арасында дәл осылай сахна дресс-кодын ұстанбау қалыпты құбылысқа айналғандай. Мұны «МузАРТ life-тың» жігіттері батыстан келген үрдіске балайды.

«МузАРТ life», тобы:

– Дәл қазір негізі ол шетелдік шоу-бизнеске, мысалы шетелдік әншілерге еліктеу сияқты кішкене негізі, бар ондай нәрсе. Өйткені, бәріміз қарап жүрміз шетелдік әншілер шорты, футоболкамен мысалы да простой көшеде жүретін нелермен сахнаға шығып кете салады. Оған битіп таң қалып қарайтындай емес негізі.

Тіпті, дәл осы кеште жүргузішілік тізгінді қолына алған Айжан Байзақова сахнада ерсі қимылдар көрсетіп, желіде қызу талқыда жүрді.

Ал әнші Айри сахнадағы мұндай оғаш қылыққа түсіністікпен қарауға тырысады. Оның ойынша, бұл әртістердің аудиториясы мүлде басқа.

Ayree, әнші:

– Олардың площадкалары басқа. Негізінде дала сахнасында болса, клубта болса сондай сахналарда жұмыс жасайды. Сондықтан, оларға мүмкін ол нормально болып көрінеді.

Еске салсақ, елімізде мәдениетсіздік танытқан әртістерге заң қарастырылған. Мас күйінде сахнаға шығып, көрерменге бейәдеп қылық танытқан өнерпаздар жазаланады. Бұл бастаманы әнші Марсель толықтай қолдайды. Аға буын өкілі әріптестерін тыңдарман алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады.

Марсель, әнші:

– Сен әртіссің бе, сахнаға шыққан соң міндетті түрде соған лайықты болуың керек. Өйткені сен біреудің кумирісің, сүйікті әншісісің.