Елордада ұлттық мектеп пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Пікірсайыс білім беру технологиясы ретінде жастардың әлеуетін әсіресе мектеп жасында, сондай-ақ жаңа буын көшбасшыларының өсуіне ықпал етеді. Соңғы 15 жылда елімізде ұлттық деңгейде оффлайн форматта оқушылар арасында пікірсайыс турнир өткізілмеді.

Турнирге 34 команда қатысады. Олар өз өңірлерінде өткен іріктеу ойындарында жеңіске жетіп, 40 мыңнан астам оқушы арасында үздік атанған. Өңірлердің намысын тек облыс орталықтарынан ғана емес, шағын қалалардан, елді-мекендерден, тіпті ауылдан шыққан құрамалар қорғайды. Солардың бірі, Ақтөбе облысы қазақ лигасының жеңімпазы – Аяна Битанова.

Аяна Битанова, пікірсайыс қатысушысы:

– Шынымды айтсам, өте қобалжыған турнирлердің бірі болды. Алайда осындай жетістікке жеткенім үшін шын жүректен өте қатты қуаныштымын шынымды айтсам.

Жас спикерлер америкалық парламенттік формат ережелері бойынша, үкімет пен оппозиция командалары болып бөлінеді. Турнирдің жалпы тақырыбы – ел мен қоғамның қалыптасуының 30 жылдық жолы жайлы. Аталмыш тақырыпты жіті зерттегендердің бірі, «Ритория» фракциясынан Аружан Кәрімова.

Аружан Кәрімова, пікірсайыс қатысушысы:

– Финал өте ерекше болды. Өйткені қарсылас команданың дайындығы өте жақсы болды менің ойымша. Бізде бүгінгі қарарлар яғни тақырыптар көбінесе ҚР туралы болды. ҚР жайлы болған соң, оңай болған сияқты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында жарыс, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының бастамасымен және қолдауымен өтуде. Ұйымдастырушы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.