Шымкент шоулық Күлпәш қазіргі фильмдерге түсуден неге бас тартады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шымкент шоу десе көрерменде бірден Күлпәш кейіпкерімен ассосация болатыны сөзсіз! Ал ұжым актерлері үшін, бұл тек бейнелер жиынтығы емес, одан бөлек. Мәселен:

– Күлкі, махаббат

– Менің үйім, менің театрым, менің жұмысым.

– Ерекше театр мен үшін
– Бұл ұжым менің шын отбасым.
– I Love you

Бір-біріне деген құрметті осылай жеткізген әзілкештер көзі қарақты көрерменін Күлпәш хикаяларымен әлі де қуантып келеді. Десе де, бұған дейін басқа ленталарда бой көрсетпеген өнерпаздар неге үлкен экранға шықпай жүр?
Дәурен Жұмәділов, актер:

– Ұсыныстар түседі, бірақ көп емес. Түскен жағдайда енді әртүрлі себептер, мен босамай қаламын.
Нұрболат Әбілдаев, актер:
– Ұсыныс түседі. Мен өзім басты кейіпкерден емес, мінезджі екінші пландағы рөлдерді жақсы көремін.

Берік Тұрсынбеков, «Шымкент шоу» театрының директоры, актер:
– Енді біз бір жерімізге қарамай сценарий таңдаймыз ғой. Қазір фильмдердің бәрі бір мәтінде, бір мақамда, бір актерлер ойнап жатыр. Одан кейін фильмдер аналог, идея жоқ бәрі плагиаттар. Оның бәрін мен шынымды айтайын ойнағым да келмейді.

 

Берік Тұрсынбековтен мұндай жауап мүлдем күтпедік. 20 жыл бойы бір образбен танылып келген актер сүйікті көрерменіне жаңа кейіпкер ұсынуға ниетті көрінеді. Кино нарық плагиаттарға толып жатыр деп сынға алған өнер иесі алға қойған жоспарымен бөлісті.


Берік Тұрсынбеков, «Шымкент шоу» театрының директоры, актер:
– Мейлі, ол жаман болсын ол өзімнен шығуы керек. Кем-кетік бала болса да, өзім тууым керек қысқасы...
– Ал, болашақта енді Берік Тұрсынбековтың авторлық фильмін күте аламыз ба?

– Міндетті түрде. Мен соған үлкен дайындықтамын қазір. Алдағы 5 жылдық жоспарда Құдай қаласа, мен сол нәрсені жасаймын деп соған дайындық үстіндемін қазір.
 

Өнерге әркімнің ақ бар таласы. Соңғы уақытта әзіл-сықақ театрларының кино кеңістікке қадам басуы қалыпты жайтқа айналғандай. Тіпті, миллиардтаған касса жинап, халықтың көңілінен шығып жүргені де өтірік емес. Енді Күлпәштың жаңа бейнесі мынадай жанрда болмақ:
Дәурен Жұмәділов, актер:

– Шымшық сойса да, қасапшы сойсын! Мүмкін комедия шығар енді.
 

Шығармашылық жұмыстың нәтижесі көңілден шығып, қалтаны толтырып жатса құба-құп! Ендеше сапалы сатиралы картина күтеміз.Төлтуындылары үлкен экранға шыққанға дейін әзіл майталмандары өңір-өңірді аралап, жыл сайын концерт беруді өздеріне мақсат тұтқан. Биыл да дәстүрден жаңылмай, көрерменді жаңа бағдарламамен қуантты.
Берік Тұрсынбеков, «Шымкент шоу» театрының директоры, актер:

– Жылдағы концерттің мақсаты бәрі бір болғанымен, ішінде біз енді тақырыптарды өзгертіп тұруға тырысамыз. Мейлінше саясатқа тиіспейінші дейміз, бірақ енді өкінішке қарай біздің саясат өздері «бізді күлкі қылыңдаршы!» деп, сұранып тұрады. Саясат, жалпы қоғам, отбасылық тақырыпты мейлінше қамтуға тырыстық.