Динара Бақтыбаеваның кинодан кетуіне жұбайының ықпал еткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

2018 жылғы Халықаралық Канн фестивалінің қатысушысы, 2019 жылғы Орталық Азияның «ең үздік актрисасы» Динара Бақтыбаева отбасылық жағдайына байланысты кино әлемінен алыстаған еді... Қазірде күнде актриса мәдени астанамыз – Алматы қаласында. Бұл сәтті пайдаланып, түсірілім алаңына арнайы барып, сұқбаттасып қайттық:

– Біз көріп жүрміз. Көп премьераларда, түсірілім алаңдарында енеңіз қолдау көрсетіп жүреді үнемі. Қазір бар ма түсірілім алаңында?

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Қазір жоқ. Мен осы жолы Алматыға жалғыз келдім. Ал енем мен күйеуім Атырауда балаларымызды қарап қалды.

– Отбасылық өмір мен өнеріңізді, сүйікті жұмысыңызды қатар алып жүрсіз. Қандай да бір қиындықтар болмауы мүмкін емес. Сол туралы бөлісе кетіңізші.

Бұл әрине өте қиын. Яғни дәл сол сәтте нақты қай құндылыққа басымдылық беру керектігін түсіну қажетсің. Балаларым тым кішкентай болған кезде мен үшін ең басты құндылық отбасы болды. Әрине, ол кезде жобаларға қатысу маған қиын болған еді. Ал қазір балалар өсті, енді мен актриса Динараға басымдылық бере бастадым.

 

Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған кино жұлдыз өзінің шығармашылық жұмысы демалыс сыйлатынын алға тартып, ағынан жарылды.

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Әрине, күнделікті үй шаруасынан шаршайтын кезеңдер болады, бірақ ол кезде мені құтқаратын менің шығармашылық жұмысым бар. Бұл іс мені шабыттандырады және алға жылжуыма ынталандырады.

 

5 жыл декретте отырған актриса енді жаңа ұсыныстарға ашық. Сонымен қатар өнерлі ару өзінің шығармашылық ұстанымдарымен де толығырақ бөлісе кетті:

– Жобаны қандай стандарттарға сәйкес таңдайсыз?

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Мен үшін сценарийдің қызық әрі көрерменге берері мол болуы өте маңызды.

– Көптеген мықты мықты режиссерлермен жұмыс жасадыңыз. Алдағы уақытта тағы қай режиссерлермен жұмыс жасағыңыз келеді?

– Кристофер Нолан.

– Неге мүмкін емес. Мүмкін.

– Аузыңа май.

– Ал енді керісінше сұрақ. Динара Бақтыбаева қандай фильмдерге түспейді?

– Эротикалық сахналары бар. Мен тұрмыстағы әйелмін. Мен үшін бұл табу.

 

Сылқымның жүрегін жаулаған сері Арман Айтасов сүйіктісін қашан да қолдайды екен. Оған дәлел әлеуметтік желідегі бірлесіп түсірген қызықты бейнетаспалары. Десе де, актрисаға өнерге қатысы жоқ жарын контент жасауға көндіру оңайға соқпаған сыңайлы:

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Мен әрине. Мен оған «Жаным, бірге контент түсірейікші. Бұл менің жеп отырған наным ғой. Мен сенің қолдағаныңды қалаймын» деп жиі айтып отырамын. Әрине, басында амалсыздан келісетін. Ал қазір өзінің де ынтасы барын байқап жүрмін.

 

Бақытты әйел, аяулы ана, танымал актриса. Осы атақтың барлығы Динара Бақтыбаеваға тән десе болады. Жеке өмірін де, шығармашылығын да қатар алып жүруге шешім қабылдаған актриса алдағы уақытта жаңа жобалармен жанкүйерлерін қуантамын деп сөз берді.