Сайлау

Ақпараттық хабарлама
ТОО  «  Независимый  Телевизионный Канал»  
ЖШС «  Тәуелсіз  Телевизиялық  Арнасының /НТК/ эфир  уақытын ұсынудағы жалпы  шарттары.   «Тәуелсіз  Телевизиялық  Арнаның /НТК/  2019  жылдың  09  маусымында  кезектен  тыс өтетін Қазақстан  Республикасының  Президенттігі    сайлауына  қатысатын  үміткерлерге  берілетін   эфир  уақытының  шарттары.

Осы орайда ЖШС « Тәуелсіз  Телевизиялық  Арнаның»  /НТК/   жеке меншік иесі (ары  қарай  НТК)  «Қазақстан Республикасының сайлауына»   қатысты 28.09.1995 жылы   бекітілген  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық заңына  сәйкес   Қазақстан Республикасының  президентінің  2019  жылғы  09  сәуірдегі  №18-ші  жарлығымен   белгіленген  2019  жылдың  09  маусымында  өтетін кезектен тыс    сайлауына  қатысатын  үміткерлерге   НТК  теле арнасында   эфир  уақытының  берілуі, сайлауалды  үгіт-насихат материалдарын орналастыру  шарттары мен  тәртіптері    және  төлем ақы жөнінде    беретін мағлұматы. 
        Сайлауалды үгіт-насихат  жұмыстары    Қазақстан Республикасының  Президенттігіне  үміткерлерді  тіркеу аяқталған  сәттен басталып, сайлау  өтетін күннен бір күн  бұрын   жергілікті  уақыт бойынша сағат нольде  аяқталады.  Яғни  эфирге қойылатын  үгіт насихат  материалдарын  2019 жылдың  11 мамырында  сағат 18.00-ден 2019 жылдың 08  маусымында   сағат 00.00 -ге  дейін  орналастыруға  болады.

НТК-ның эфир   уақыты  қолда  бар техникалық  мүмкіндіктеріне  сай    яғни   жарнаманың  болуы және/немесе   жарнаманың  болмауы НТК  арнасының   эфир  уақытының болжамды аралығында беріледі.
Үміткерлерге    үгіт  насихат  материалдарын    орналастыру   үшін берілетін  эфир уақыты   бейне роликтер  түрінде  жүзеге асады. Ұзақтығы   60  секундтан  артық болмауы  тиіс. 
Үгіт насихат материалдарын  орналастырудың   бағасы НДС 12%  қосқанда   бір  минут үшін  200000 теңге болады.  Орналастыру  бағасына   НТК теле арнасының  барлық   қолжетімді  ақпарат  тарату мүмкіндіктері  арқылы көрсету/ тарату/ және  қайталап   көрсету ( аналогты  эфирде,   сандық эфирде,   спутниктік,  сонымен қоса   кабельді  операторлар арқылы   және  интернет  онлайн жүйесі арқылы  таратылуы)  кіреді. 
Осы  келісім  шарт  бойынша   төлем ақы  НТК-ның  жеке  меншік  иесінің    төлеуге арналған есеп шотын  ұсынуының  негізінде   және   есеп-шоты ұсынылған сәттен  бастап    НТК-ның   жекеменшік иесінің  банктік  реквизиттеріне     банктік 5(бес)  күн ішінде  төленуі  тиіс. 
  Эфир  уақытын  берудің   тәртібі:
НТК арнасының  эфир  уақыты  НТК-ның жеке  меншік  иесі мен  Үміткердің  немесе   Үміткердің сенімді өкілінің  арасындағы  жасалған келісім шарт  негізінде және    НТК-ның    бекітілген монтаждық парақшасына  сәйкес  жүзеге   асады. Сонымен қатар үгіт насихат  материалдарының монтаждық  парақтары   болжанылған  эфирге  шығу  уақытынан  күнтізбеге  сәйкес  3(үш)   күн бұрын   қарастырылады.    Бұл жағдайда   жазбаша түрде  өтініш  берілген күн   есепке алынбайды. НТК арнасында   үгіт-насихат материалдары қазақ  тілінде  және   орыс тілінде   орналастырылады. 
      Эфир  уақытын  ұсыну  үшін Үміткер немесе оның    сенімді өкілі  НТК  жеке меншік  иесінің басшысына   жазбаша  түрде  өтініш түсіреді.  НТК  жекменшік иесінің  мекен  жайы: Алматы қаласы, Республика  алаңы, 13,  5-ші  қабат. Офис 507( қабылдау),  2019  жылдың 06 мамыр  мен 03  маусым аралығында  сағат 10.00-ден 18.00-ге  дейін қабылдайды. Бұл  аралыққа   демалыс және  мерекелік  күндер кірмейді.
Өтініш факсимильді  байланыс  немесе мәліметтер  жеткізу  жүйелері  арқылы  қабылданбайды.
Өтініш   Үміткерлердің    өтінішін тіркеу журналында   кезек  тәртібі  бойынша  тіркеуге алынады. Әрбір жазбаша  өтінішке   реттік  саны   беріліп,   өтініш  түскен  күні белгіленеді.  
Үгіт-насихат  материалдарының   хронометражы,   сан  мөлшері,  болжанған күні  мен уақыты Үміткердің  немесе Үміткердің  сенімді  өкілінің  жазабаша түрде  берген  өтінішінде  көрсетіледі және  содан  кейін  осылар  келісім  шартта   бекітіледі.
  Эфир  уақытын  беру  туралы   жазбаша  өтінішпен бірге  өткізілетін қосымша   құжаттар:
1) Үміткердің  тіркелгенін анықтайтын  құжаттың көшірмесі;
2) Үміткердің  сенімді  өкілдігін  растайтын  құжаттың  көшірмесі;
3) Өтініш  берушінің  жеке  куәлігінің  көшірмесі;
4) Келісім  шарт жасауға    өкілеттілік алған  тұлғаның  жеке құжатының  көшірмесі.
  Үміткерлердің НТК  теле арнасының  эфиріне   үгіт-насихат    материалдарын  орналастыру  кезегі  өтініш  түскен  реттік  тәртібі  бойынша  немесе   өтініштер  бір  мезгілде түскен  болса  жеребе  арқылы   анықталады.   Жеребені  өткізу  тәртібі мен шартын   НТК теле  арнасының  жекменшік  иесі  анықтайды. 
    Егер  жазбаша өтініш  түскен  сәтте,  ол  уақыт    бұрын  келген басқа  Үміткерге  беріліп  қойған  жағдайда  немесе  техникалық   себептермен  осы  уақыт  беріле  алмайтын  болса,  НТК үміткерге  үгіт-насихат  материалдарын  орналастыру  үшін  техникалық мүмкіндіктерді  ескере отырып  басқа  уақытты  ұсынады. 
     Үгіт-насихат   материалдарын  беру тәртібі: 
Үгіт-насихат  материалдары   НТК  жекменшік  иесіне теле арнаға   шығуы    ұйғарылған   күннен күнтізбеге  сәйкес  үш күн  ерте   берілуі тиіс.   Материалдық  ақпарат,   тасушы  құралдарда  болуы шарт; DVD, СD, қатқыл  диск ( HDD) немесе   флеш  карта USB 2.0, USB 3.0   осыларға қатысты келесі  техникалық  талаптар  қойылады: 
HDD  үшін    файлдық  жүйе немесе NTFS  немесе FAT32 флеш карталар.

HD форматындағы роліктер үшін
container: MXF, MOV
codec: XDCAM HD 50 Мбит/сек немесе ProRes422
profile 4:2:2
frame rate: 25
frame size: 1920 x 1080
interlacing: upper

SD форматындағы роліктер үшін
container: AVI, MXF, MOV
codec: Microsoft DV, IMX50
profile 4:2:0 или 4:2:2
frame rate: 25
frame size: 720 x 576
aspect ratio: 16:9
interlacing: DV lower үшін,  IMX50 upper үшін

Audio:
audio: Stereo
bits: 24
sample rate: 48000
codec: uncompressed
Audio level: -18 db
Dynamic Range: 20 dB

Титрларды   белгілеу   ( титрлардың  қәуіпсіз  аймағы,   титрлардың  ұсынылған  орны)-   ауқымы, экранның  жиегінен  тиімді   аралықта орналасуы, мәтін  кескінінің   бұрмаланбай   көрінуіне   мүмкіндік береді.

 

Титрлардың  шектеулі  шама   ауқымы

 

Тігінен

Көлденеңінен

16:9

5,0%

10,0%

 

Үгіт-насихат материалдарымен  бірге, үгіт-насихат   материалдарында   қолданылған   тұлғалардың   бейнелері болса  олардың  жазбаша  берілген  рұқсаттары  тапсырылады,  ал олар   қаза  болған жағдайда  артында  қалған  мұрагерлерінің  жазбаша  рұқсаттары   тапсырылуы  тиіс. 
   Үгіт-насихат  материалдарында    ақпаратты  берген  тұлғаның  тегі,  аты-жөні,  төлем ақы  мен қаражат   көздері  туралы  дыбыстық  және/немесе  визуальды   мәлімет    болуы тиіс
       НТК  жекеменшік  иесі егер  үгіт-насихат  материалдары  Конституциялық құрылымды  күштеп   өзгерту  идеясы, Қазақстан Республикасының  бір-тұтастығын  бұзатын, мемлекеттің  қәупсіздігіне нұқсан  келтіретін,   әлеуметтік,   нәсілшілдік, ұлттық, дін-аралық,   топтық  және  рушылдық алауыздықты  тұтататын, қәтігездік пен   зорлық,   сонымен қатар  заңмен қарастырылмаған  әскери   құрылым  туралы  мағынаға   ие  болса, эфирге  жіберуден  бас тартады.
    НТК  жекеменшік  иесі егер  материялда  басқа  да тіркелген  Үміткерлердің ар намысын  қорлайтындай  ақпарлар  қолданса   үгіт- насихат  материалдарын  эфирге шығарудан бас тартады.
- Мұндай  материалды  талап ретінде  қолдануға  ниетті  Үміткер,  НТК  жеке меншік  иесінің   талабы  бойынша  өзінің үгіт -насихат  материалдарында   жоғарыда  көрсетілгендегідей мағынадағы     ақпарларды  нақтылайтын  құжаттарды   көрсетуге міндетті.
Үгіт-насихат  материалдарын  ұсынған  Үміткерлер,  ол  Қазақстан  Республикасының заң талаптарына   сай  мағынаға  ие болса   заң  алдында  өз жеке  басымен  жауап береді. Бұған авторлық  және  сабақтас   құқықтар да  жатады.
 Осы хабарламада көрсетілген  шарттар мен  тәртіптер   бұзылған  жағдайда,   сондай-ақ   осыған лайықты   жасалған келісімнің шарттары   бұзылғанда,  үгіт – насихат  материалдары  эфирден көрсетілмейді  немесе бұзылған  дәйектер  жойылғанша  тоқтатылады. 
   Осы  ақпарлық  хабарламада    көрсетілген  эфир  уақытын беру  шарттары Қазақстан Республикасының  лайықты өкілетті   мекемелерінің  талаптарымен   түзетілуі  мүмкін.


ЖШС «Тәуелсіз  Телевизиялық  Арнасының» /НТК/.   
Бас директоры   Игенбек. С