"НТК"-кадр сыртынан!

ПО ТУ СТОРОНУ ЯЩИКА
Марлен Капбардың тың жобасы! «По ту сторону ящика» бағдарламасында НТК телеарнасының ішкі өмірінен хабардар бола аласыздар! Ең қызықты және шырынды! Кадр сыртында қалып қоятын НТК телеарнасының ең жарқын тұлғалары! Ал ең бастысы- ұжымымыздың тәжірибелі телевизия мамандарын қыспаққа тығатын сұрақтар! НТК теларнасының ішкі өміріне қош келдіңіздер! Сіз мұндайды әлі көрмедіңіз!
«Қалай қарайсың?» Жс. 16.30
Отандық жұлдыздардың жаңа туындыларын әлеуметтік желі арқылы сынаудан шаршадыңыз ба? Жаңа бейнебаяндардың ащы қателіктерін сыни тұрғыда талқылайтын жаңа ток-шоу! Ешкімнен қорықпай, ашық түрде ойын ортаға салатын спикерлер. Түсірілім барысын көруді қалайсыз ба? Ендеше, тамашалаңыз!
Седьмое чувство Жм. 21:50
Алғашқы кездесуден-ақ ғашық болу мүмкін бе? «Сезім» реалити-шоуының қатысушылары мұны өздеріне сынап көрмек! Жоба қатысушылары (жігіт және бойжеткен ару) лайықты деген екі үміткер арасынан жүрек сыңарын таңдауы тиіс. Тапсырма оңай емесі анық! Өйткені қатысушылар көз жұма таңдауы тиіс! Дұрыс таңдау жасап, оның үстіне нағыз махаббатын жолықтыра алар ма екен?