Динара Сұлтан туған сіңілісін танымал етпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ эстрасында жұлдызы жанған өнерпаздардың, уақыт өте келе сахнаға туыстарын да тартуы сәнге айналғандай... Бұл жолы ет-жақындарын дүйім жұртқа таныстыру кезегі Динара Сұлтанға келген. Әнші бикеш, енді туған сіңілісін танымал етуге ниетті.

Динара сіңілін қасынан қалдырмайды. Өйткені, ол да өнерден құр алақан емес, әпкесінің әндерін бэк-вокалмен көркемдеп тұрады. Венера - Атырау қаласындағы лайф-бэндтерде ән шырқайды екен. Динараның ендігі мақсаты, оны Алматыдағы тыңдармандарға таныту.

Динара Сұлтан, әнші:

-Атырау қаласында өте атақты әнші Венера. Қазақстанға танылу керек. Соны айтып Алматыға жиі шақырамын. Енді-енді Алла қаласа келетін шығар деп үміттенемін. Тырысу үстіндеміз.

Сонымен қатар, таяуда отандық шоу-бизнесті тағы бір Меденова толықтырды. 18 жасында тұрмысқа шығып, бала күтімімен үйде отырған Айдананың әпкесі, қаршадайынан ән салуға құмар екен. Алайда, бұл бикештің сахнаға шығуы жұртқа жақпай қалса керек.

Назым Меденова, А. Меденованың әпкесі:

-Айдана бүкіл туыстарын тартты деген сияқты, сондай сындар бар. Әрине ол менің сіңілім болғаннан кейін, өзінің көмегін аямайды.

Айдана Меденова, әнші:

-Енді, қолымыздан келгенше көмектесеміз бір-бірімізге. Біздің ата-анамыз сондай тәрбие берген. Оның несі жаман? Бір-бірімізге қолдау көрсету керекпіз.

Қазіргі таңда атышулы Алтынай атанғанымен, кезінде жұрт бұл бұрымдыны Кәмшаттың сіңілісі деп танитын. Бүгінде «Джейран» тобында ән салатын сылқым, үлкен Жолдыбаеваның сахналық образдарын да дайындайды.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

-Маған көмектесетін тұсы ол ақылдасу, кеңесу. Образдарымды, стилімді... сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер.

Айтпақшы, жақын арада қос Жолдыбаева бірігіп ән жазуды қолға алған. Тіпті, тың трекке жаңа бейнебаян таспалануы да бек мүмкін.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет