Роналду мен Мессидің дәуірі аяқталды ма..?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің үздік футболшысы атағын, Роналду мен Мессидің өзара бөлісіп келгеніне он жыл толыпты. Биыл бұл дәстүр бұзылып, жаңа аяқдопшының есімі аталды. Фифаның осы мәртебелі марапатына лайық болған кім? Криштиану салтанатты шараға неге келмей қалды?

Лондонда өткен Фифаның марапаттау салтанатында басты жұлдыз – Лука Модрич. Хорватия құрамасы мен «Реалдың» жартылай қорғаушысы, «әлемнің үздік ойыншысы» атанды. Бұл бәсекеде дауыс беру нәтижесімен ол Роналду мен Салахты басып озған.

Лука Модрич, футболшы:

-Осындай әдемі жүлдемен, сахнада тұру - үлкен мәртебе. Мохаммед Салах пен Криштиану Роналдуға тамаша маусым үшін алғыс айтамын. Бұл жүлдені сіздер әлі де аласыздар! «Реал» командасы мен «Хорватия» құрамасы болмаса, бұл сыйлыққа қолым жетпес еді. Баршаңызға алғыс!

Сонымен қатар, Модрич биылғы Ресейде өткен әлем чемпионатының «үздік ойыншысы» деп танылған еді. Осылайша, Роналду мен Мессидің 2008-жылдан бері үзілмеген дәуіріне, Лука Модрич нүкте қойғандай. «Үздік ойыншы» сыйлығына үміткер болған үш ойыншының бірі Криштиану мен Леонель де бұл кешке келмеген.

«Ең үздік қақпашыға» берілетін жүлде бельгиялық Тибо Куртуаға бұйырды. Осы жазда футболшы «Челси» сапынан «Реалға» ауысқан болатын. «Ең үздік бапкер» ретінде, Франция құрамасын 2018 жылғы әлем біріншілігінің алтын алқасына жеткізген Дидье Дешамның есімі аталды.

«Ең әдемі соғылған гол» үшін табысталатын Ференц Пушкаш сыйлығы, «Эвертон» қақпасына шірене теуіп добын тулатқан «Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салахқа тиесілі.

Мохаммед Салах, фтуболшы:

-Бұл марапат мен үшін өте маңызды. Үлкен мотивация! Баршаңызға рақмет!

Әйелдер арасында жаһанның «үздік ойыншысы» деп, америкалық "Орландо Прайд" клубының аяқдопшы аруы - Марта танылды. 32-жастағы бразилиялық бикеш, бұл сыйлықты осымен алтыншы рет алып отыр. Перу құрамасының фанаттары болса, «ең үздік жанкүйер» деген атаққа қол жеткізді.

Түсініктемелер қосу үшін сізге кіру қажет